Қоғам • 16 Наурыз, 2020

21 мәдениет ұйымының қызметі онлайн форматқа көшірілді - вице-министр

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев уақытша шектеулер кезеңінде министрлік пен оған ведомстволық бағынысты барлық ұйымда жедел штабтар құрылғанын айтты.

21 мәдениет ұйымының қызметі онлайн форматқа көшірілді - вице-министр

«Бүгінде министрлікке бағынысты ұйымдардың қызметкерлері үш категорияға бөлінген. I топқа – жұмыс орнында міндетті түрде қатыса отырып, ұйымның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен айналысатын қызметкерлері жатқызылса, II топқа – еңбек функцияларын қашықтан режимде орындайтын қызметкерлер жатады. Ал III топқа – тиісті актілерді қабылдай отырып, ақылы демалыс немесе ақысыз демалыс берілетін қызметкерлер кіреді» деді Өркен Бисақаев.

Оның айтуынша, қызметкерлерге жалақысы және өзге де қарастырылған әлеуметтік шараларды сақтай отырып, оның ішінде қашықтық режимінде икемді жұмыс кестесін енгізу мүмкіндігі қарастырылған. Жалпы министрлікке қарасты барлық мәдениет ұйымының қызметі қашықтан көрсетілуде, сондай-ақ, 21 мәдениет ұйымының қызметі онлайн форматқа көшірілген.

Соның ішінде Ұлттық кітапханалар оқырмандарға электронды жеткізу қызметін ұсынып отыр. Кітапхана қорынан құжаттың электрондық нұсқасы оқырманның тапсырысы бойынша оның электрондық поштасына жолданады. Бұл ретте құжаттардың қатарында кітаптармен қатар диссертация және тағы басқа абонемент залдарынан әлеуметтік-маңызды әдебиет түрлері бар екенін атап өткен жөн.