Қоғам • 17 Наурыз, 2020

Базарға барып ән салды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық Академиялық кітапхана «Айттым сәлем, Қаламқас» атты хакім Абайдың әндерінен жаңа акция ұйымдастырды. Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері елордадағы «Шапағат» коммуналдық базарына арнайы барып, ақынның елге әйгілі әндерін орындады.

Базарға барып ән салды

– Кітапханамыздың қызметкерлері Абайдың шығармаларын насихаттау үшін қарапайым елдің арасына шықты. «Шапағат» коммуналдық базарында бірлігі жарасқан халықтың да бізбен қосыла шырқағандарын көріп, бір марқайдық. Олардың арасында басқа ұлт өкілдері де бар. Осы іс-шара барысында көрермен қауымға әдеби кітаптарды сыйға тарттық. Бір ел, бір жер, бір мекенде тұрып жат­қан халықтың Абайды және оның туын­дыларын сүйіп оқитындарына көзіміз жетті. Дәл осындай жоба біздің халқымыздың рухани өсуіне оң ықпал етері сөзсіз, – деді Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы Үмітхан Мұңалбаева.

Акция кезінде қала тұрғындары да кітапхана ұжымымен бірге қосыла ән шырқады. Абай Құнан­бай­ұлының 175 жылдығына арналған чел­ленджде көрермендерге әдеби кітап­тар сыйға тартылды.

Руханият ордасының оңды ісі өрелерге өнеге болары анық.