Үкімет • 17 Наурыз, 2020

Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыруға 300 млрд теңге бөлінеді - Асқар Мамин

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарын қолдаудың теңдессіз шараларын қабылдайтынын айтты.

Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыруға 300 млрд теңге бөлінеді - Асқар Мамин

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарын қолдаудың теңдессіз шараларын қабылдайды. Бұл шаралар, ең алдымен, қазіргі жұмыс орындарын сақтауға және кәсіпкерлер мен азаматтардың іскерлік белсенділігін ынталандыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған» деді А. Мамин.

Бұл жұмысқа Қазақстан азаматтарын тарта отырып, инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарды және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуді қарастыратын Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыруға 300 млрд теңге бөлінеді.