22 Тамыз, 2013

Футбол. Бүгін "Ақтөбе" "Динамоны" қабылдайды (қосымша қосылды)

269 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Футбол-Актобе-стадион-газон

Бүгін тамыздың 22-сі күні Астана уақытымен 19:00 сағатта Ақтөбенің «Ақтөбе» командасы өз алаңында Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығу үшін болатын бірінші матчта Украина астанасы – Киев қаласының «Динамо» клубын қабылдайды.

Осы кездесуге қатысу үшін киевтіктер Ақтөбеге кеше ұшып келді. Командамен бірге тағы 57 журналист, 70 жанкүйер бірге жетті. Жалпы, Украина делегациясы құрамын 150 адам құрайды. Украина басылымдарының өкілдері келген бойда Ақтөбе қаласымен танысып үлгерді. «Жазушы ағайындар әуежайдан мейманханаға дейін баратын жолда, автобустың ішінде, бұл қаланы өздері бұрын болған шаһарлармен салыстырып отырды. Нәтижесінде олар оның Тирасполь, Сумы және Донецк қалаларына ұқсайтынын байқады», - деп жазды осыған орай Sport.ua.

Кеше кешке «Динамо» футболшылары Ақтөбенің Қажымұқан атындағы орталық стадионына келіп, бірінші жаттығуын өткізді. Жаттығудан кейін команданың өкілі Сергей Ребров мұндағы шалғынның тым биік екенін айтып шағыныпты. Ал бас жаттықтырушы Олег Блохин Еуропа лигасының 4-іріктеу раундының бірінші ойыны өздері үшін керекті нәтижені беретініне сенімді.

Украинаның бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары командалардың алаңға шығатын старттық құрамдары туралы болжам жариялапты.

Олар мынадай:

«Ақтөбе»: Сидельников, Арзуманян, Мулдаров, Примус, Бадло, Ковальчук, Кападзе, Харабара, Гейнрих, Хайруллин, Давыдов.

«Динамо»: Коваль, Гусев, Драгович, Вида, Тремулинас, Велозу, Безус, Аруна, Ярмоленко, Ленс, Мбокани.

Дамир Қожамқұл.

PS.  Матч бүгін Астана уақытымен 19-00 сағатта КазСпорт телеарнасынан тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Біз ақтөбеліктерге "Шахтердің" табысын қайталуды тілейміз.