Қоғам • 17 Наурыз, 2020

Б.Сұлтанов: Еліміз азық-түлікпен толық қамтамасыз етіліп отыр

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

Б.Сұлтанов: Еліміз азық-түлікпен толық қамтамасыз етіліп отыр

«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін және бағаларды осындай қиын жағдай кезде тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Үкіметке Президенттің Жарлығымен халықтың және экономикалық үздіксіз өмір сүру үшін күнделікті керекті азық-түліктердің шекті бағаларын белгілеу үшін тапсырмалар берілді. 

Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін еліміз тауарлармен, азық-түлікпен қамтамасыз етіліп отыр. Жеткілікті запастар бар. Және де өнім өндеу процестері тоқтамайды. Бірақ сонымен қатар көптеген кәсіпкер жағдайды алдын ала ойластырып, халықтың ең танымал өнімдерімен тауарлардың бағасын көтеруге тырысып жатқанын көріп отырмыз, сондықтан Қазақстанда азық-түлікпен қамтамасыз ету өте жоғары. Біз тамақ өнімінің бағаларын көтеруге, алып-сатарлыққа жол бермеу үшін барлық күш-жігерімізді салатын боламыз және тиісті құқықтар мен инструменттер жеткілікті» деді Бақыт Сұлтанов.