23 Тамыз, 2013

Қазақстандық құрылыс сапасы немесе «Бесоба синдромының» салқыны

684 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Қазақстанның тұрғын үй құрылысы сапасын «Бесоба синдромы» кезіп жүр. Қазіргі таңда «құрылыс сапасы», «Бесоба синдромы» деген сөздер синонимға айналған. Қазақстанда құрылыс сапасы неге нашар десе, «Бесоба синдромы» жайлап алған ғой дейді. Ал «Бесоба синдромы» десе, алаяқтық, көзбояу, жауапсыздық, «откат», сыбайластық деген сұмдықтар өріп шығады.

«Театр киім ілгіштен басталатыны» сияқты, бізде құрылыстың қандай түрі болмасын тендерден басталады. Жабайы капитализмнің жемқор шенеуніктері ойлап тапқан бұл «тендер» деген бәлеңіз белгілі бір мақсатқа бюджеттен бөлінген қаржыны бөліске салудың тамаша тәсіліне айналды. Әйтпесе, кешегі кеңес заманында тендерсіз-ақ талай тамаша құрылыс нысандары бой көтерді ғой. «Балық басынан шіриді» демекші, бүгінгі тендеріңіз болашақ құрылыс нысанының сапасына сызат түсіретін алғашқы баспалдақ екен.

 

 

Қазақстанның тұрғын үй құрылысы сапасын «Бесоба синдромы» кезіп жүр. Қазіргі таңда «құрылыс сапасы», «Бесоба синдромы» деген сөздер синонимға айналған. Қазақстанда құрылыс сапасы неге нашар десе, «Бесоба синдромы» жайлап алған ғой дейді. Ал «Бесоба синдромы» десе, алаяқтық, көзбояу, жауапсыздық, «откат», сыбайластық деген сұмдықтар өріп шығады.

«Театр киім ілгіштен басталатыны» сияқты, бізде құрылыстың қандай түрі болмасын тендерден басталады. Жабайы капитализмнің жемқор шенеуніктері ойлап тапқан бұл «тендер» деген бәлеңіз белгілі бір мақсатқа бюджеттен бөлінген қаржыны бөліске салудың тамаша тәсіліне айналды. Әйтпесе, кешегі кеңес заманында тендерсіз-ақ талай тамаша құрылыс нысандары бой көтерді ғой. «Балық басынан шіриді» демекші, бүгінгі тендеріңіз болашақ құрылыс нысанының сапасына сызат түсіретін алғашқы баспалдақ екен.

Біз соңғы жылдары экономика­лық және қоғамдық саланы жаппай жайлап алған жемқорлық қыл­мыс туралы жиі айтамыз. Сол жем­қор­лыққа мемлекеттік ауқымда жайлы жағдай туғызатын, бюджеттен бөлінген мақсатты қаржыларды жұмсауға рұқсат беретін осы тендерлер болып шықты. Еліміздегі «жең ұшынан жалғасқан мұндай жемқорлықтың» тереңдегені сон­­шалық, мемлекеттің ұлттық қауіп­­сіздігіне қатер төндіре бас­тады. Төндіргені сол емес пе, күні кеше ғана шетел «асқан» ағайын­­ды Бергей және Аманжан Рыс­қа­лиев­тардың Атырау облысында жаса­ған жемқорлықтарының салдарынан мемлекеттік бюджеттен жым­қырып кеткен қаржылары 72 милл­иард теңгені құрап отырса, Қа­зақстанның бүкіл денсаулық сала­сына 2012 жылы бюджеттен бө­лінген қаржы 78 миллиард теңге болған екен. Сөйтіп, қандай да бол­­масын құрылыс нысанының бола­шағы саудаға салынатын тендер­де жеңіске жету үшін алдын ала ше­неуніктердің, тендерлік комис­сия мүшелерінің аузын «майлау»­ қажет. «Жазылмаған заң» жүзінде жүзеге асырылатын бұл қылмыстық параны «откат» дейді. «Откатсыз» бір­де-бір мемлекеттік тендер өткі­зіл­мейтінін министрден бастап, қа­ра­пайым құрылысшыға дейін біледі. Бірақ, білсе де білмеген болады. Өйткені, ол – «жазылмаған заң», билік тұтқасын ұстағандардың байлық көзі.

Тендер өткізудегі басты мақсат – болашақ нысанды салатын мердігер ұйымның тапсырманы орындай алатын әлеуетін анықтау. Басқаша айтсақ, мердігер құрылыс компаниясының нысанды сапалы әрі дер кезінде салуға экономикалық, техникалық мүмкіндігі мол, материалдық және қаржылай қуаты жеткілікті болуы керек. Ал біздің құрылыс саласында өткізілетін кейбір тендерлерде жұмыс жүргізетін жалғыз тракторы мен жарты краны да жоқ жалған компаниялар жобалық-сметалық құны миллиондаған, тіпті, миллиардтаған теңге болатын құрылыс нысандарының тендерін жеңіп ала береді. Тіпті, тақыр жерде тұратын екі-үш адамнан құралған «аты бар, заты жоқ» компанияның жүздеген миллион теңге тұратын тендерді ұтып алған мысалдары Қазақстан үшін таңсық емес. Өйткені, олардың билік тізгінін ұстаған немесе тендерлік комиссия­да отырған «көкелері» мықты.

Сөйтіп, жаңағы тақырдан пайда болған жалған компания жалпы құны жүздеген миллион теңге тұратын құрылыс нысанының заңды түрде бас мердігер ұйымы болып шыға келеді. Осындай жанашырлық «көмегі» үшін олар болашақ құрылыс нысанына бөлінген қаржының 15-20 пайызын, кейбір жағдайларда 30 пайызын көкелерінің көмейін майлайтын «откатқа» бөледі. Қалған қаржының жартысы н өз пайдаларына жаратып, қалған жартысына құрылыс салатын қосалқы мердігер компанияларды («субподрядщик») жалдайды. Мамандардың айтуынша, бізде құрылыс нысанын салуға бөлінген сметалық қаржының жартысы құрылыс салуға рұқсат беретін, жер бөлетін және басқа құзырлы органдарға «пара» ретінде жұмсалады екен. Қалған қаржы құрылыс нысанын салуға жетімсіз болғандықтан мердігер ұйымдар барлық мүмкін болған жағдайдан үнемдеп, мейлінше, арзан әрі сапасыз құрылыс материалдарын пайдаланады. Құрылысшылардың жалақысынан да жонып-жымқырып, тіпті, аз-мұз ақша төлеп, гастарбайтерлерді көптеп тартады. Нәтижесінде, еліміздің құрылыс алаңдарында тиісті тәжірибесі мен кәсіби мамандығы жоқ адамдар жұмыс жасайды, бұл жаңадан салынған тұрғын үйлер мен әлеуметтік ғимараттардан көріп отырғандай, өкінішті зардаптарға соқтырады.

Қазақстанның құрылыс саласын жайлаған сапасыздық мысалдары жүйкеңді шымырлатып, зәреңді ұшырады. Тынымсыз БАҚ-тар күн құрғатпай таратып жатқан бұл хабарлар «Бесоба синдромынан» зәрезап болған халықтың үрейін алуда. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен өмірге келген «Балапан» бағдарламасы аясында Шымкент қаласында өткен жылы «Алпамыс» атты балалар бақшасы пайдалануға берілген болатын. Заманауи жаңа үлгімен 320 бүлдіршінге арнап салынған «Алпамыс» бала бақшасының бұл өңірде баламасы жоқ. Мемлекеттік бюджеттің 420 миллион теңге қаржысына салынған осы жаңа бала бақшаның пайдалануға берілгеніне бір жыл болмай жатып, құлауға шақ қалды. Биылғы жаздағы нөсерлі жаңбырдан кейін «Парасат Сервис» ЖШС-нің Теміртау қаласында тұр­ғызған жаңа балабақша ғимара­тының іргетасы опырыла бастады...

Петропавл қаласының Юбилей­ный көшесі, 9 «Б» мекенжайында 2011 жылы ғана пайдалануға бе­­рілген 9 қабатты тұрғын үйдің қа­быр­ғалары қақырап кетті. Ком­муналдық жалға берілген бұл жаңа тұрғын үйден баспана кезегінде 17-20 жыл бойы тұрған бюджеттік сала қызметкерлері, мүгедектер пәтер кілтін алған болатын. Тұрғын­дар­дың қуанышы ұзаққа созылмады. Биылғы жылдың басында арнайы құрылған комиссия жаңадан са­лын­ған бұл тұрғын үйді «апатты жағдайда» деп тапты. Ол, ол ма, «қуырдақтың көкесін түйе сой­ған­да көресің» демекші, апатты жағ­дай­дағы 9 қабатты үйге көршілес салынып жатқан Юбилейная кө­шесі, 9 «В» мекенжайындағы 126 пәтерлі тағы бір жаңа тұрғын үй құрылысы «пайдалануға жарамсыз» деп танылды. Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының аға прокуроры Т.Шүкетаевтың айтуынша, бұл құрылыс нысанын салуға 514 миллион теңге бюджет­ қаржысы жұмсалыпты. Құны сұраусыз бюджет қаржысы тағы да желге ұшты.

Осыдан екі-үш жыл бұрын Ақмо­ла облысында пайдалануға берілген туберкулезге қарсы диспансердің жаңа ғимараты жыл өтпей жатып жарамсыз болып қалды. Төбесі опырылып, қабырғалары сөгілген бұл ғимаратта ем қолдану тіпті, мүмкін болмады. Бюджеттен бөлінген 300 миллион қаржы тағы да құрдымға кетті. Тізе берсек, мұндай келеңсіз мы­салдарды мемлекеттік бюджет қаржысымен құрылыс нысан­дарын салып жатқан барлық өңір­лерден көптеп келтіруге болады. Ең кереметі, осы айтылған оқи­ға­лардың барлығында да бюджеттің миллиондаған қаржысын талан-таражға салып, сапасыз құрылыс нысандарын пайдалануға берген мердігер құрылыс ұйымдары да, оны қабылдап алған құзырлы органдар да жауапқа тартылған жоқ. Бұдан шығатын қорытынды, бізде бюджет қаржысының нағыз жанашыр иесі жоқ. Халық бюджет қаржысының өз игілігі екенін толық түсініп болған жоқ. Ал билік басындағылар үшін халыққа қатыстының бәрі қадірсіз.

Қазақстандағы құрылыс сапасының масқарасын шығарып, шаңырағы ортасына түскен «Бесоба» тұрғын үй кешені біраз мәселенің бетін ашып берді. Оның ең бастысы, құрылыс саласын жегі құрттай қаулап кеткен «откаттың» салдарынан нысанды тұрғызуға қаржының жетіспеушілігі болып отыр. Қаржы талан-таражға түскендіктен құрылыс компания­лары арзан, сапасыз құрылыс материалдарын қолданады. Бұл туралы Қазақстанның құрметті құрылысшысы Ұзақбай Айтжанов бір сұхбатында былай дейді: «Сапасыз құрылыс материалдарынан тұрғызылған ғимараттың беріктігі нашар, ондағы қауіпсіздік те төмен болады. Әрбір құрылыс нысанының қауіпсіздігі – оны ертеңгі күні мекен ететін адамдардың қауіпсіздігі деп түсінген абзал. Міне, осыдан келіп ұлттық қауіпсіздік мәселесі туындайды. Ал сырты жылтыр, ішкі сапасы сын көтермейтін материалдардан салынған құрылыс қауіпсіздікке кесел. Мәселен, құрылыста арматура – ең қажетті тұғыр болып табылады. Осы арматура өз елімізде өндірілмегендіктен, Ресей мен Украинадан алатын едік. Кейінгі жылдары о лардың орнын Қытай арматурасы алмастыра бас­тады. Сыртынан қарасаң, ешбір айырмашылығы жоқ, екеуі де сом темір, ал сапасы жағынан келсек, Қытай арматурасы әлсіз, ұзаққа шыдамай опырылып кетеді. Оны ойлап жатқан ешкім жоқ, бағасы арзан Қытай арматураларын бетон арасына құйып тастайды. Қаншаға баратыны белгісіз, әзірге тірегі әлсіз ғимараттар бой түзеп жатыр.

Қазақстанда құрылыс индус­триясы дамиды дегелі қашан. Басқасы басқа, тонналап шетел асы­рылып жатқан қазақстандық темір қалдықтарынан (металло­лом) арматура шығаратын өндіріс қалыптастыруға болады ғой. Мамандардың айтуынша, біз құрылыс материалдарының 80 пайыздан астамын шетелдерден тасымалдайды екенбіз. Оның ішіндегі ең қомақтысы Қытайдан әкелінетін құрылыс материалдары көрінеді. Осыдан-ақ, біздегі құрылыс сапасының деңгейін көруге болады.

Екінші жағынан шетелден құрылыс материалдарын сатып алу деген сөз сол елдердің экономикасына миллиардтаған доллар қаржы құю деген сөз. Яғни бөтен елдің бюджетін толықтырып, экономикасын көтеруге үлес қосу. Бұл мәселенің астарында да ұлттық қауіпсіздіктің көкейкесті жағдаяттары жатыр. Сондықтан, бұл мемлекет назарында болатын өте күрделі мәселе. Кейбір мамандардың айтуынша, біздің еліміздегі қазіргі құрылыс саласының дамуы өткен ғасырдың 80-ші жылдарының деңгейіне жетпейтін көрінеді. Ол кезеңде бүкіл республикамыздың аумағында жүйелі түрде құрылыс жұмыстары жүргізілді. Басқасын былай қойғанда, сол жылдары елімізде ондаған ғылыми-зерттеу институттары жұмыс жасады. Олардың әрқайсысы құрылысқа қажетті материалдарды анықтап, оларды әзірлеу технологияларын қалыптастыратын. Бүгінде осы ғылыми-зерттеу институттарының ізі де жоқ. 80-ші жылдары Қазақстанда 4 ірі цемент зауыты болатын. Қазіргі саны бар, сапасы жоқ цемент зауыттары сол 4 зауыттың шығаратын өнімінің жартысын да игере алмай отыр. Құрылыс материалдарын шығаратын қаншама фабрикалар мен дайын құрылыс блоктарын шығаратын комбинаттар қиратылды. Сол кезеңде еліміздің барлық облыстарында дерлік силикат кірпішін шығаратын зауыттар жұмыс істеп, силикат өнімдерінің өндірісі дамыған еді. Қазір сол силикат кірпішін шығаратын зауыттардың жұрнағы қалмады. Құрылыс саласының мамандары құрылыс блоктарын, силикат кірпіштерін шығаратын сол бір өндірісті қайтадан қолға алу қажеттігін алға тартады. Өз қолымызбен қиратқан нәрсені қайтадан қалпына келтіру де оңай болып жатқан жоқ.

Құрылыстың сапасына әсер ететін екінші маңызды фактор, құрылыс алаңдарындағы мамандардың кәсіби біліктілігі екендігі даусыз. «Бесоба синдромы» бұл салада да қордаланған біраз кемшіліктің бетін ашты. «Бесоба» тұрғын үй кешенін салуға қатысқан инженерлердің бірі шаңырағы ортасына түскен бұл бес қабатты тұрғын үйді Өзбекстаннан келген гастарбайтерлердің салғанын, олардың ешқайсысының кәсіби құрылысшы мамандығы болмағандығын, құрылыстың іргетасы стандарттарға сай талаптармен жүргізілмегендігін айтады. «Бесоба» тұрғын үй кешені құлағаннан кейін, осы құрылыс нысанын кім қабылдап алды, қалай пайдалануға берілді деген орынды сұрақтар туындады. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сәулет-құрылыс бақылау департаментінің мәлімдеуінше, құрылыс нысаны салынып жатқанда бес деңгейлі тексеру-бақылау кезеңінен өтеді екен. Біріншіден, құрылыс алаңындағы жұмысты мастер-прорабтар тұрақты түрде бақылайды, екіншіден, құрылыс нысанын жоспарлаған ұйым құрылыс нысанынан жоба талаптарына сәйкес авторлық бақылау жүргізеді. Үшіншіден, архитектура және қала құрылысы департаменті салынып жатқан құрылыс нысанынан белгіленген нормалар бойынша техникалық қадағалау жасайды. Төртіншіден, тапсырыс беруші ұйым мердігер ұйыммен технологиялық келісімшарт жасасып, соған сәйкес құрылыс сапасына бақылау жасайды. Бесіншіден, құрылыс жұмысы аяқталғаннан кейін Архитектура және қала құрылысы департаментінің жұмыс комиссиясы пайдалануға берілетін тұрғын үй кешенін қабылдап алады. Содан кейін барып осы комиссия жасаған қорытынды құжаттарға сәйкес арнайы құрылған мемлекеттік комиссия тұрғын үй құрылысын қабылдап, тиісті мемлекеттік қабылдау актісін жасайды.

«Бесоба» тұрғын үй кешенінің мысалы көрсеткендей, қағаз жүзінде тексеру органдарынан да, бақылау жасайтын комиссиялардан да кенде емес екенбіз. Ендеше, сапа неге сын көтермейді? «Бақсам бақа екен», демекші, гәп жең ұшынан жалғасқан жемқорлықта жатыр. Құрылыс саласындағы жемқорлықтың тереңдегені соншалық, бүкіл әлемде экономиканың ең жауапты да күрделі саласы болып саналатын құрылы