Спорт • 17 Наурыз, 2020

Кәсіпқой бокс кештерінің көбі кейінге шегерілді

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум наурыз айының соңы мен сәуірде өтеді деп жоспарланған кәсіпқой бокс кештерінің барлығы да кейінге шегерілгені жайында мәлімдеді.

Кәсіпқой бокс кештерінің көбі кейінге шегерілді

Солардың қатарында қазақстандық жанкүйерлердің де тағатсыздана күткен жекпе-жектері бар. Мәселен, 28 наурызда Канаданың Квебек қаласында қос қандасымыз шаршы алаңға шығуға тиіс еді. Атап айтсақ, WBC Continental Americas пен WBO Global нұсқалары бойынша орта салмақтағы алтын белбеулердің иегері Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) Гана боксшысы Исса Самирмен (18-0, 15 КО), ал Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) ринг қожайыны Тим Кронинмен (12-4-2, 3 КО) күш сынасады деп жоспарланды. Екінші орта салмақтағы Айдостың да қарқыны өте күшті. Қазіргі кезде ол WBC Asia, WBA International және WBO Global нұсқалары бойынша чемпиондық атақтың иегері.

Сондай-ақ 17 сәуірде АҚШ-тың Оксон-Хилл қаласында жартылай орта салмақтағы қазақтың мақтанышы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) Намибияның мықтысы, әлемнің экс-чемпионы Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) айқасады деп күткенбіз. Бірақ коронавирусқа байланысты бұл жарыс та кейінгі шегерілді.