Негізгі шаралар:
• Мегаполисте өзін-өзі оқшаулау және үй карантині механизмдері арқылы эпидемияға қарсы ауқымды іс-шараларды жүргізу.
• Көшелерді, тротуарларды жуу және дезинфекциялау арқылы жұқтыру орындарын бұғаттау.
• Қоғамдық орындарда, тұрғын үйлерде санитарлық-эпидемиологиялық дезинфекцияны күшейту және іргелес аумақтарды санитарлық тазалау.
• Азаматтар мен автокөлік құралдарының Алматы қаласы аумағына кіруін/шығуын шектеу.
• Алматы қаласына кіреберістерде 27 блок бекеттерін орнату.
• Блок бекеттерінде Патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, «Гранит» полкінің, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұлан бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады.
• Сонымен бірге, қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, жеке қорғану және гигиена құралдарын әкелу үшін «жасыл дәліз» жүзеге асырылады.
• Карантин кезеңінде азық-түлік емес сауда нарықтары, азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын орындардан басқа, ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады.
• Біз тұрғындарға алматылықтардың карантин талаптарын білуі, қаладан уақтылы шығуы және кіруі үшін бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы толық және жүйелі түрде ақпараттар беріп отырамыз.
• Коронавирусқа қарсы қалалық штаб туындаған мәселелерді жедел қарап, шұғыл шаралар қабылдайтын болады.