Жеңіл атлетика • 18 Наурыз, 2020

Жеңіл атлетика: Ғұсман Қосанов мемориалының мәртебесі өсті

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын Алматыда жеңіл атлетикадан дәстүрлі түрде өтетін Ғұсман Қосановты еске түсіруге арналған халықаралық турнир World Athletics Continental Tour 2020 жарыстар сериясы санатына енді. 

Жеңіл атлетика: Ғұсман Қосанов мемориалының мәртебесі өсті

Семей өңірінің тумасы әлемдік спорт тарихында өзіндік із қалдырған азамат. Қысқа қашықтыққа жүгіруді серік еткен ол КСРО рекордын жаңартты, көптеген халықаралық жарыстарда жеңіс түғырына көтерілді. 1960 жылы Римде алауы тұтанған Олимпия ойындарының 4х100 эстафеталық сайысында Ғұсман өзінің командалық әріптестерімен бірге күміс медальді иеленді. Осылайша, Қосановтың есімі ғаламдық додада жүлде алған тұңғыш қазақ спортшысы ретінде тарихта қалды. 1965 жылы Киевте өткен КСРО мен АҚШ құрамалары арасындағы матчтық кездесудің жеңімпазы атанды.

Міне, сол әйгілі желаяқты еске түсіруге арналған жарыс биыл 30 мәрте ұйымдастырылғалы отыр. Сол мерейтойлық доданың World Athletics Continental Tour 2020 жарыстар сериясы санатына енуі айтулы бәсекенің деңгейі мен мәртебесінің өсуіне оң ықпал ететіні даусыз.