Қазақстан • 18 Наурыз, 2020

Қауіпті азық-түлікті кіргізбеу үшін ветеринариялық бақылау бекеттерінде жұмыс күшейтілді - АШМ

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ветеринариялық бақылау бекеттерінің 16.03.2020 жылғы жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің қысқаша ақпараты. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қауіпті азық-түлікті кіргізбеу үшін ветеринариялық бақылау бекеттерінде жұмыс күшейтілді - АШМ

Бүгінде Қазақстан Республикасында 63 ветеринариялық бақылау бекеті бар, онда 228 мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор қызмет етеді.

ЕАЭО елдерінен тауарларды өткізу кезінде бақылауды күшейту үшін қосымша 32 ветеринариялық бақылау бекеті РФ және Қырғыз Республикасы шекарасының бойында орнатылған.

Аталмыш бақылау бекеттерін орнатуға Қырғызстандағы жануарлар ауруы бойынша тұрақсыз жағдай және шекараның Ресей жағы бөлігінде алдын ала хабарлау пункттерін құруы себеп болды.

2020 жылдың басынан бері қосымша орнатылған 32 ветеринарлық бақылау бекетінде 19,5 мың тонна тауар, миллионға жуық мал мен құс, 32,3 млн тауық жұмыртқасын тасымалдаған 2 663 автокөлік тексерілді. Нәтижесінде инспекторлар 93 автокөлікті кері қайтарып, жалпы сомасы 835 065 теңгеге айыппұл салды.

Анықтама: 2019 жыл бойы ветеринарлық бақылау бекеттерінде 755 мың тоннаға жуық жүк, 623,5 мың бас мал мен құс, 70,7 млн жұмыртқа тасымалдаған 6 863 автокөлік тексеріліп, оның 213 жүк көлігі кері қайтарылып, миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Бұдан басқа, Қазақстанның Өзбекстан Республикасы және ҚХР мемлекеттік шекарасы бойында 31 сыртқы ветеринарлық-бақылау бекеті жұмыс істеп тұр (14 - автожолда, 6–темір жолда, 2 – теңіз портында, 9 – халықаралық әуежайларда).

Бұл бекеттерде бақылауды 88 мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторлар жүзеге асырады.