Қазақстан • 18 Наурыз, 2020

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді импорттау үшін «жасыл дәліз» ашылды

42 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар импортталатын азық-түліктерге «жасыл дәліз» орнатты. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл шаралар ел арасында бірінші кезекте тұтынатын тауарлар дефицитін тудырмау үшін жасалуда. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанға жалпы құны 554,6 млн АҚШ долларын құрайтын 872 мың тонна тауар кіргізілген.

Атап айтқанда:  қант – 165 мың тонна ($55,9 млн); құс еті – 148 мың тонна ($143 млн); пияз – 133 мың тонна ($30,5 млн); сүт – 118 мың тонна ($56,8 млн); орамжапырақ – 85 мың тонна ($24 млн); 78 мың тонна ($14,6 млн) – сәбіз сияқты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына жатқызылған 19 түрлі тауар импортталған.

Қазіргі таңда бірінші қажеттілік тауарларын тасымалдайтын негізгі компанияларға кедендік тексеріс, сараптама, және тауардың құнын кедендік бақылау сияқты шаралар қолданылмайды.

Сондай-ақ қазір шекарада өзге санаттағы бизнес субъектілеріне әкімшілік жүктемелерді азайту үшін «қызыл және сары дәліздердің» жұмысы қысқартылған.

Мемлекеттік кірістер комитеті қызметінің басым бөлігі қашықтықтан жұмыс істеу тәсіліне көшкендіктен, төмендегі сілтемелер бойынша электронды қызметтерді қолдануларыңызды сұраймыз.   

Соңғы жаңалықтар

Ғасыр зұлматы

Қоғам • Кеше

Құрдым (төрттаған)

Әдебиет • Кеше

Жаңа форматтағы жыр кеші

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар