Спорт • 18 Наурыз, 2020

Даңқты баскетболшы Кевин Дюрант та короновирус дертіне шалдықты

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күллі әлемді жайлаған індет спортшылар қауымын да еш аяп жатқан жоқ. Бұған дейін біз бірқатар саңлақтың осы сырқатты жұқтырғаны жайында жазғанбыз. Солардың арасында көз жұмғандары да бар. 

Даңқты баскетболшы Кевин Дюрант та короновирус дертіне шалдықты

Күні кеше Ұлттық баскетбол қауымдастығының (ҰБҚ) өнер көрсетіп жүрген Кевин Дюранттың коронавирус дертіне шалдыққаны белгілі болды. Бұл ойыншыға біз бекер тоқталып отырған жоқпыз. 31 жастағы «Бруклин Нетс» клубының шабуылшысы біраз жылдан бері әлемдегі ең үздік баскетболшылардың санатында. Дюрант – ҰБҚ-ның (2017, 2018) екі дүркін жеңімпазы және төрт рет (2010, 2011, 2012, 2014) сол жарыстың ең нәтижелі ойыншысы атанды. Лондон мен Рио Олимпиадаларында бас жүлдені олжалап, 2010 жылғы әлем чемпионатында топ жарды. 10 мәрте ҰБҚ-ның «Жұлдыздар матчында» өнер көрсету құрметіне бөленіп, екі рет (2012, 2019) ең құнды ойыншы болып танылды.  Оның бойы – 206 сантиметр, салмағы – 109 кило.

Кейбір дерек көздеріне сенсек, даңқты Кевин Дюранттан бөлек, «Бруклин Нетстің» тағы үш ойыншысы короновирус дертін жұқтырған көрінеді. Алайда олардың есімдері әлі аталған жоқ.