23 Тамыз, 2013

Кәсіпкерлерді қолдау орталығы

436 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Семейге келген сапарында Премьер-Министр Серік Ахметов кәсіпкерлерге көмек көрсету үшін және олардың проблемаларын шешуге ықпал ету мақсатында қолдау орталығы ашылуы тиіс деген болатын. Жақында осы тапсырма орындалып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының жанынан кәсіпкерлерге қызмет ету орталығы ашылды. Бұл орталық осымен Қазақстан бойынша алтыншы болып отыр. Бұған дейін Алматы, Шымкент, Павлодар, Тараз және Қызылорда қалаларында ашылған екен.

Семейге келген сапарында Премьер-Министр Серік Ахметов кәсіпкерлерге көмек көрсету үшін және олардың проблемаларын шешуге ықпал ету мақсатында қолдау орталығы ашылуы тиіс деген болатын. Жақында осы тапсырма орындалып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының жанынан кәсіпкерлерге қызмет ету орталығы ашылды. Бұл орталық осымен Қазақстан бойынша алтыншы болып отыр. Бұған дейін Алматы, Шымкент, Павлодар, Тараз және Қызылорда қалаларында ашылған екен.

– Бұл орталық кәсіпкерлерге үлкен көмек, осы туралы көптен армандаған еді, – деді қалалық мәслихат хатшысы Жағыпарбек Елубаев, – бизнесті бастау оңай емес. Ақыл-кеңестер өте қажет. Бухгалтерлік есеп-қисаптар дейсіз бе, толып жатқан мәселелерді шешуге осы орталықтың пайдасы тиері анық. Мен «Даму» қорының өкілдерін құттықтаймын және олардың жұмысына ризамын. «Бір терезе» аясынан олар өздеріне қажетті ақпаратты ала алады. Семейде ішкі жалпы өнім шағын және орта бизнес есебінен 50 пайызды құрап отыр. Бұл республикадағы жоғары көрсеткіштердің бірі. Мысалы, «СемАз» зауытында «Урал» жүк көліктерін құрастыратын жүйе іске қосылды. Жылына 5 млрд. теңгенің 400 автомобилі шығарылмақ. Осының өзі қала бюджетіне қаншама тиімді болатындығын ойлаңыздар. Сондықтан да осындай орталықтардың ашылуын өзім толық қолдаймын.

Шығысқазақстандықтардың биз­несті дамытуға деген ерекше

құл­шыныстарын Кәсіпкерлікті дамыту қоры басқармасының меңгеруші директоры Ғабит Лесбеков те ерекше атап өтті:

– Бұл жақта кәсіпкерлік тоқтап қалмай, өрістеп келеді екен. Мына ашылып отырған орталық ел экономикасының өркендеуіне үлес қосары сөзсіз. Бұл орталықты алдағы уақытта халық жатсынбай, шенеуніктер мен банк қызметкелері, кәсіпкерлер барлығы бас қосып тұратын тамаша орталыққа айналады деп ойлаймын.

Жаңадан ашылған КҚО-да «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасы, Ауыл шаруашылығын қолдау қоры, Технологиялық дамудың ұлттық орталығы бөлімдері және халыққа қызмет көрсету орталығы мен екінші дәрежелі банктер орналасқан.

– Мен осындай орталықтың ашылғандығына қуаныштымын, – деді жеке кәсіпкер Ләйлә Идрисова, – тренингтерге қатысып, білімімді шыңдағым келеді. Біз әуелде сау­дадан бастап едік, енді кеңейіп құрылыс саласына көштік. Бір жерден барлық ақпаратты алатын осындай орталықтың ашылуын көптен күтіп жүрдік. Біз білмей жатқан бағдарламалар көп екен. Білімімізді шыңдауымыз керек. Егер бір жерден қате жіберсек, бизнесіміз тоқтап қалуы мүмкін. Сондықтан да несие немесе салық мәселесіне келген кезде абай болу үшін осындай орталықтардың жұмыстарына жүгінген жөн. Кез келген кәсіпкер қол астында бухгалтер немесе заңгер ұстап тұра алмайды. Оған қаражаты жетпеуі мүмкін. Сондықтан бізде кәсіпкерлер бухгалтерия жұмысын көбіне өздері атқарады.

Кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдау әрдайым «Биз­нес­тің жол картасы-2020» бағ­дар­ламасы тарапынан жүзеге асып келеді. Соның арқасында ша­ғын және орта бизнес өкіл­де­рі кәсіпорындарын жаңа құрал­дар­мен жабдықтап, жаңа техно­ло­гияларды игеруді бастады. Мәселен, кәсіпкер К.Мұқашев несиені субсидиялау барысында Семей клиникаларына жаңадан диагностикалық жабдықтар ала алды. Ал «Нұр» шаруа қожалығы ірі қараны семірту үшін жемдеу базасын қайта жөндеуден өткізді. «Тасымал көлігі» ЖШС қосымша автокөлікке қол жеткізді. «Шығыс-Бройлер» ЖШС «Бройлер құс фабрикасының құрылысын салу» жобасын жүзеге асыруда. «Solo-интерьер» ЖШС жиһаз өндіру үшін қосымша құрал-жабдық сатып алды. Жеке кәсіпкер Е.Чукеев құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын өндіріс орнын ашты. «Қалиқанұлы» шаруа қожалығы азық-түлік өнімдерін өндіріп, сүт және сүт өнімдерін тазалайтын және қаптайтын технологияға қол жеткізді. Бұдан басқа да кули­нар­лық тағамдар шығаратын Г.Чу­кеевтің өндірісі жолға қойы­лып, «БАЖ-АР» ЖШС ұн өн ді­ріп, «Қайнар» колледжі жаңа жаб­дыққа ие болды, айта берсе, мұн­дай игілікке қол жеткізгендер өте көп. Бүгінде бизнес бастама­шы­сы болған жастар ертеңгі күні кәсіпкер ағаларының орнын басары сөзсіз. Сондықтан да кәсіп­керлерді қолдау орталығы Өске­менмен қатар, Семейде де ашыл­ғандығын еңбек адамдары құптап отыр.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.

Суретті түсірген автор.