Қоғам • 18 Наурыз, 2020

Елордада қалаға кіретін жолдар жабылды - Ержан Сәденов

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов қалаға кіретін барлық жерлер жабылып, 6 арнайы қадағалау бекеті қойылғанын айтты.

Елордада қалаға кіретін жолдар жабылды - Ержан Сәденов

Қалаға кіретін барлық жер жабылып, 6 арнайы қадағалау бекеті қойылды. Онда тәулік бойы Қорғаныс министрлігінің әскерлерімен бірге полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Бұл бекеттер елорданың маңында Жібек жолы, Қосшы, Қараөткел, Талапкер және Қоянды ауылдарының маңында орналасқан, - деді Ержан Сәденов.

Сондай-ақ ол департементте жедел штаб құрылғанын атап өтті. Оның айтуынша, онда азаматтар тарапынан туындаған мәселелер қаралып, шұғыл түрде шаралар қабылданады. Карантиндік режимді бұзуға жол бермеу бойынша азаматтармен және жеке кәсіпкерлермен бірге жұмыстар жүргізілуде.