2020 жылдың 22 наурызы 00.00 сағаттан кейін кесте бойынша еліміздің өзге өңірлерінен келуі жоспарланған пойыздар бағыты тоқтатылатын болады. Аталған пойыздарға билеттер сатылмайды.
Сондай-ақ 2020 жылдың 22 наурызы 00.00 сағаттан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары стансаларында жолаушыларды отырғызу мен түсіруге тыйым салынады.
Аталған қалалар арқылы транзиттік пойыздардың тоқтамай өтуі барынша қамтамасыз етіледі.
Карантин режимі біткенге дейін Нұр – Сұлтан мен Алматы қалаларынан қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтайды.