«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобында дағдарыстық жағдайларды басқару және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша штаб құрылды. Бұл орайда барлық өндірістік процестер, газ өндіру, отандық тұтынушыларға және экспортқа газ жеткізу штаттық режімде жүзеге асырылып жатыр. Магистральдық газ құбырлары арқылы газ тасымалдау және транзиттеу жоспарланған көлем аясында жүргізілуде.
Жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен іркіліссіз жұмысты қамтамасыз ету ұлттық газ операторы үшін басымдық болып табылады.
«ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлерінің арасында қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша да барлық іссапарға тыйым салынған.
Барлық бұқаралық іс-шара өтпейтін болды, бұйрықтарға, қызметтік жазбаларға, шарттарға және өзге де құжаттарға электронды құжат айналымы жүйесінде қол қою арқылы электронды құжат айналымына толықтай көшіру жүзеге асырылды.
Компаниялар тобындағы әкімшілік қызметкерлердің 50%-дан астамы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстырылды. Қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің ротация кестесі, жұмыс күнінің басталуы мен аяқталу уақыты айқындалды.
Офистік және өндірістік үй-жайларды дезинфекциялау мен өңдеу жүргізілуде. Қызметкерлер арасында жеке гигиена шараларына қатысты түсіндіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
Өндірісте адам көп жиналатын жерлерді дезинфекциялау, сондай-ақ жұмыскерлердің температурасын өлшеу жүзеге асырылып тұрады.
Компания қызметкерлеріне ЖРВИ белгілері біліне бастағанда жұмысқа барудан бас тарту, жедел түрде дәрігерге көрініп, толық сауығып кеткенге дейін сырқаттану қағазын ашуға ұсыныс берілді.
Осындай шаралар ұлттық газ операторының барлық еншілес және тәуелді ұйымдарында да қабылданды.
2020 жылғы 18 наурыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған қызметкерлер анықталған жоқ.
Айзере САМАРҚАН