23 Тамыз, 2013

Алтай – алтын бесік

384 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елордадағы «ҚазМедиа орталығында» Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялық қызметінің ұйымдастыруымен 26-27 тамыз күндері Шығыс Қазақстан облысында өтетін «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты ІІ халықаралық форумына дайындық барысына арналған брифинг болып өтті.

Елордадағы «ҚазМедиа орталығында» Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялық қызметінің ұйымдастыруымен 26-27 тамыз күндері Шығыс Қазақстан облысында өтетін «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты ІІ халықаралық форумына дайындық барысына арналған брифинг болып өтті.

Түбі бір түркі жұртының ба­сын біріктіретін рухани құн­ды­лықтарды түгел зерттеп-зерде­леу­дің маңызы зор. Мәселен, «Қорқыт ата кітабы», «Манас», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Едіге батыр», т.б. халық ауыз әдебиеті ескерткіштерінің қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, татар, әзербайжан, түрік, башқұрт пен ұйғыр тілдеріндегі сюжеттік ұқсастықтары олардың әу бастағы тарихи тамырының ортақ екенін білдіреді, сондай-ақ түркілердің дәстүрлі музыкасындағы сар­қыл­­мас сарыннан бір-бірінен бө­лек алып қарауға болмайтын тұтас­тықты, кей жағдайда егіз қозыдай ұқсас болып өрілетін жарасымды жалғастықты байқау қиын емес.

«Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында алда өтетін «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты ІІ халықаралық форумы – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» стратегиялық жобасы аясында байырғы музыкалық мұраны байыптау, оны көпшілік қауымның назарына ұсыну, түркітілдес халықтың ата-дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрыптары арқылы мәде­ниетіміздің ежелден өркен­деп, дамығандығын мақтан ету, дәстүрлі музыка өнері өкіл­дерін ынталандыру, түркі халық­тарының әні мен жырын, күйі мен сазын, эпостық үлгілерін жан-жақ­ты насихаттау мақсатында өткі­зілгелі отыр.

Бірінші форум 2011 жы­лы Өскемен қаласы және Катонқарағай ауданында өткізіліп, оны алдағы уақытта дәстүрлі түрде екі жылда бір рет өткізіп тұру туралы ше­шім қабылданған болатын. Биылғы форум Мемлекеттік хатшының ұлттық тарихты модернизациялау және тарихи зерттеулерге жаңа тәсілдерді пайдалану туралы қойған міндеттерінің аясында ерекше маңызға ие болып отыр.

Іс-шараға 20 елдің өкіл­дері қатысады деп күті­луде. Алтайға Ресей, Жапо­ния, Тыва, Татарстан, Қыр­ғыз­стан, Түркия, Хакасия, Башқұртстан, Алтай өл­кесі, ОАР, Түркіменстан, Әзер­байжан, Корея, т.б. ел­дер­дің ғалымдары, елшілері және қоғам қайраткерлері келеді.

Алғашқы күні кең көлемде ғылыми-прак­тикалық конференция өткізілмек. Келесі күні Катонқарағай ауданындағы Берел ауылының «Патшалар алқабында» өтетін музыкалық фес­тивальға Қазақстан, Түр­кия, Якутия, Қыр­ғызстан, Ресей, Өзбекстан, Башқұрт­стан, Әзер­байжан және өзге мемлекет өкілдері қаты­сады. Театрландырылған к­ө­ріністе қазақы салт-дәс­­­­­­­­түр­лері көр­сетіліп, фоль­­клорлық концерттер ұйым­­дастырылады.

Басқосу барысында Шығыс Қазақстан об­лы­­­сы әкімінің орынбасары Жақ­сылық Омар, С.Аман­жо­лов атындағы Шығыс Қа­зақстан Мемлекеттік уни­верситетінің бірінші проректоры Бауыржан Ер­дем­беков, осы оқу орны­ның Қазақстан тарихы ка­фе­драсының профессоры Со­ветхан Игібаев пен тарих ғылымдарының кандидаты Ерлан Сайлаубаевтар форумға дайындық барысы туралы айта келіп, журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Берік САДЫР,

«Егемен Қазақстан».