Спорт • 19 Наурыз, 2020

Еуропаның футбол лигалары шығынға батуда

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарт құрлықтың «ТОП-5» футбол лигалары, яғни Англия, Италия, Испания, Франция және Германия чемпионаттарында өнер көрсететін командалар шығынға батуда.

Еуропаның футбол лигалары шығынға батуда

Коронавируске байланысты айтулы мемлекеттердің ішкі біріншіліктерінің кезекті тур ойындары кейінге шегерілгені белгілі. Соның салдарынан жер жаһаннның сан миллион жанкүйері тағатсыздана күткен ойындар өтпей қалды. KPMG зерттеу компаниясының мәліметіне сенсек, жоғарыдағы жайттың кесірінен олар 4 миллиард евро мөлшерінде шығынға ұшырап отыр.

Ең көп зардап шегіп отырған Англия Премьер-лигасы екен. Олардың шығыны – 1,25 милииард евро. Оның 800 миллионы трансляциялардан түсетін қаражат. Испанияның Ла Лигасы 600 миллион евро «жоғалтып» отыр. Ал өзгелердің шығыны мынадай: Италияның А сериясы – 450 миллион, Германияның Бундеслигасы – 400 миллион және Францияның 1 лигасы – 200 миллион евро.