«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жұртшылықпен байланыс департаментінің хабарлауынша, бірыңғай байланыс орталығының операторлары коронавирустық жұқпасы қалай жұғатынын, оның алғашқы белгілері мен жұғу жолдары жөнінде халыққа толыққанды ақпарат беруге дайын. Олар жұртшылыққа дұрыс кеңес беру үшін және індеттің алдын алу мен өршу жағдайларын болдырмас үшін арнайы дайындықтан өткен.
Енді тұрғындар көкейін күпті еткен сауалдарды 1406 бірыңғай байланыс орталығының операторларына ғана емес, Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасына да жолдай алады. Жолданған әр сұраққа тіркеу нөмірі беріледі. Бұдан кейін жеке кабинетке кіріп, оған берілген жауапты қарауға болады.
Қымбат Тоқтамұрат