Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының хабарлауынша, оның көмегін пайдаланушылар коронавирустық инфекциясына байланысты толғандырған сауалдарына жауап ала алады. Бұл бірыңғай байланыс орталығы операторларының жүктемесін азайту және тұрғындардан келіп түскен сауалдарға жауап беру рәсімін жеңілдету мақсатында іске қосылды, дейді мамандар.
Тelegram-бот арқылы қажетті ақпарат алу үшін чаттағы «Старт» батырмасын басу қажет. Бұдан әрі көрсетілген бағыт бойынша сұрақ-жауапқа өтеді. Әлбетте, бұл қызметті пайдалану үшін қолданушы Telegram желісіне тіркелген болуы керек.
Telegram-ботта коронавирустық инфекция туралы негізгі мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде берілген.
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ