Футбол • 19 Наурыз, 2020

Футзал: Тайнан жылдың үздік ойыншысы атағынан үміткер

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Португалияның «Спортингінде» өнер көрсетіп жүрген Алматының «Қайрат» клубының бұрынғы ойыншысы Тайнан да Силва Рего 2019 жылдың ең үздік футзалшысы атағынан үміткерлердің бірі. 

Футзал: Тайнан жылдың үздік ойыншысы атағынан үміткер

Тайнаннан бөлек, үміткерлер қатарында Адольфо Фернандес Диас «Адольфито» («Барселона»), Артем Антошкин («Тюмень»), Энрике-да-Кунья Эльгарт «Ди Мария» («Пато Футзал»), Карлос Вагнер Гуларте «Феррао» («Барселона»), Мехди Джавид («МЭС Сунгун Варзаган»), Леандро Лино Дос Сантос («Магнус Футзал»), Алекс Родриго да Силва Мерлим «Бабалу» («Спортинг»), Дамиан Альварес «Стаццоне» («Сан Лоренсо де Альмагро») және Томоки Йошикава («Нагоя Оушенс») сынды ойыншылар бар.

Жоғарыда есімдері аталған ойыншылар арасынан кімнің теңдессіз атанатыны 26 наурызда белгілі болады.