Қоғам • 19 Наурыз, 2020

Карантин: Елордада қандай талаптар күшейді?

45 реткөрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен карантин кезінде елордада індетті ескерту және алдын алу бойынша күшейтілген талаптарды атады.

Бірінші. Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін арнайы ӨҢІРЛІК жедел штаб құрылды. Ол тәулік бойы қызмет етеді.

Екінші. Төтенше жағдай кезінде, Карантинге сәйкес халық пен шаруашылық субъектілерінің қызметін реттеу үшін, қалалық штабтың арнайы шешімі қабылданды.

Үшінші. Карантин жағдайында қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы іс-шаралар жоспары іске асуда. Қосымша азық-түлік тауарларын жеткізу мәселесі, өңірлермен бірлесе отырып шешілді. Қазіргі таңда халыққа ең бірінші қажетті әлеуметтік және тұтынушылық тауарлар қоры жеткілікті. Сауда үйлері мен қоймаларда артық көлемде қор жинақталған.

Төртінші. Денсаулық сақтау министрлігінің А және В жоспарындағы іс-қимыл алгоритміне сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланысы болған тұлғаларға арналған алдын алу жатын орындары мен карантин стационарлары кеңейтілді. С жоспарына сәйкес қосымша жатын орындар жасақталды.

Бесінші. Фармацевтика қауымдастығы мен Тауарлардың қауіпсіздігін, сапасын және қызметін бақылау департаменті арасында бағаны реттеу, сондай-ақ дәрілік және медициналық тауарларды жеткізу бойынша өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Санитарлық-эпидемияға қарсы кеңейтілген іс-шаралар кешені іске асырылуда:

Аялдамаларды, қоғамдық көліктерді, көше бойларын және өзге де әлеуметтік маңызды нысандарды санитарлық реттеу және дезинфекциялау жұмыстары ұйымдастырылуда (арнайы хлорлы сұйықтық арқылы)

Азық-түлік өнімдерін сататын сауда желілері мен дүкендердің үзіліссіз қызмет ету мүмкіндігі қамтамасыз етілуде;

Қоғамдық тамақтану орындарында онлайн тапсырыс беру және тамақты үйге жеткізу форматы жүйесі ұйымдастырылды;

Бизнес орталықтар, стоматология, шаштараз және тағы басқа халыққа жекелей қызмет көрсету орындары сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін қызмет ету режимінде болады;

Құрылыс және олардың мердігер компаниялары санитарлық нормаларды күшейте отырып, штаттық режимде жұмыстарын жалғастыра береді.

Тұрғындар және заңды тұлғалар, меншік нысанына қарамастан шектеу шараларын, соның ішінде карантиндік режимді орындауға міндетті.

Азаматтардан шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратуға, арандатушылыққа берілмеуге, спекуляцияға берілмеулерін сұраймыз. Мемлекеттік мекемелердің ресми дереккөздерінде жарияланған ақпараттарға ғана сеніңіздер.

Соңғы жаңалықтар

Бензин бағасы арзандады

Экономика • Кеше

14 отбасыға қол ұшын созды

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар