Сонымен, Талдықорғанның «Жетісуі» ел чемпинатының ең үздік командасы деп танылды. Алматы облысының өкілдері 68 ұпай жиды. Екінші орынды иелеген Өскеменнің «Алтайы» басты қарсыласынан алты ұпай кем жиды. Үшінші сатыға «Ертіс-Қазхром» табан тіреді. Павлодарлық волейболшылар 50 ұпайды қоржынға салды. Одан кейінгі орындарға мына командалар жайғасты: 4 .«Қуаныш» (Солтүстік Қазақстан облысы) – 40 ұпай, 5. «Алматы» – 38 ұпай, 6. «Астана» (Нұр-Сұлтан) – 16 ұпай, 7. «Алтай-2» (Өскемен) – 10 ұпай және 8. «Қарағанды» – 4 ұпай.
Түрлі аталмыдар бойынша А. Сафронова, К. Аниконова, С. Анарқұлова, Т. Серік, К. Белова, Т. Фендрикова, Н. Акилова, Й.П. Мендоса сынды волейболшылар үздік деп танылды.