Қоғам • 19 Наурыз, 2020

Қарағанды облысында еріктілер мұқтаж жандарға көмекке келді

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында «Saryarqa jastary» облыстық волонтерлік штабы мен «Тамшы KZ» қайырымдылық қоры бірігіп, мұқтаж жандарға  бірінші кезектегі қажет өнімдер мен дәрі-дәрмек түрлерін жеткізу бойынша акция ұйымдастырды.

Қарағанды облысында еріктілер мұқтаж жандарға көмекке келді

«Тамшы KZ» қайырымдылық қорының жетекшісі Жансая Каменова бұл игі іс-шараның «Еріктілер жылы» аясында ұйымдастырылғанын атап өтті.

–Біз Қарағанды облысының барлық аумағында тұратын көпбалалы, аз қамтылған отбасыларына, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жалғыз басты зейнеткерлерге көмектесеміз. Бізде мұқтаж жандардың тізімі бар. Кімге не керек екенін алдын ала анықтап аламыз да, олардың үйлеріне азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізіп береміз. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік сатып алуға қаржыны өзіміз табамыз, – дейді ол.

Волонтерлердің елде төтенше жағдай режимі жарияланғанға дейін де мұқтаж жандарға көмек көрсеткенін айта кеткен ләзім. Ал бүгінгі күнге дейін олар 10 отбасында болып, өздерінің игі істерін жүзеге асырды.

Жалпы, облыстық жастар ресурстық орталығы алдағы уақытта әлеуметтік себеттерді 40 отбасының алатынын хабарлады. Кезекті акция ертең «Нұр Отан» партиясының қатысуымен іске асырылады.

 

 

 

Қарағанды облысы