Қоғам • 19 Наурыз, 2020

Елордада қант, күріш сынды тауарлар бір адамға 5 кг-ға дейін сатылады - Ерлан Бекмырзаев

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев  азық-түлік пен  қажетті тауарларды сататын объектілерден басқа барлық ірі сауда орындарының жабылғанын мәлімдеді.

Елордада қант, күріш сынды тауарлар бір адамға 5 кг-ға дейін сатылады - Ерлан Бекмырзаев

Ерлан Бекмырзаев карантин кезінде жұмыс істейтін нысандардың қалыпты режимде жұмыс істеуі барысында орындауы тиіс талаптарды атады. 

Олар:

  • Қалыпты режимде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  •  Санитарлық және дезинфекция шараларын күшейту (тепловзорларды пайдалану, маскалардың болуы, тазартқыш қондырғылар).
  • Кезекте тұрған сатып алушылардың арасында 1 метр қашықтықты қамтамасыз ету.
  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен негізгі қажетті тауарларға  бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу.
  • Азық-түлік  тауарларының оның ішінде көкөністер мен жемістерден басқа,  сусымалы тауарлар (қант, күріш, қарақұмық)  мен кептірілген жеміс-жидектерді қапталған күйінде сату.
  • Қант, күріш, қарақұмық сынды тауарларды сатуды бір қолға 5 кг-ға дейін, күнбағыс майын - 5 литрге дейін шектеуі тиіс.