Хоккей • 19 Наурыз, 2020

«Барыстың» әр ойынына орта есеппен 6 816 көрермен келеді

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) қарт құрлықтағы көрермені ең көп командалардың рейтингін жариялады.

«Барыстың» әр ойынына орта есеппен 6 816 көрермен келеді

Сол тізімде Нұр-Сұлтанның «Барысы» 24 орында тұр. Былтырғы маусыммен салыстырғанда, жерлестеріміз бес сатыға жоғарлады. 2019/2020 жылғы маусымда қазақстандық клубтың әр бәсекесін тамашалау үшін «Барыс Аренаға» орта есеппен 6 816 көрермен келген екен. Былтыр бұл сан 6 448 адамды құраған.

Жалпы Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүргендер арасынан алты команда ғана «Барыстың» алдын орады. Олар – СКА (Санкт-Петербург), «Динамо» (Минск), «Спартак» (Мәскеу), «Йокерит» (Хельсинки), ЦСКА (Мәскеу), «Ақ Барс» (Қазан) және «Локомотив» (Ярославль). Былтырғы маусымда 11 команда алдымызда еді.

Ал Еуропада көрермені ең көп команда – Швейцарияның «Берны». Әр ойынға орта есеппен 16 237 көрермен жиналатын айтулы клубтың осы рейтингте көш бастап тұрғанына табаны күректей 19 жыл болды.