Спорт • 19 Наурыз, 2020

«Барыс» ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіне қатыспайтынын мәлімдеді

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңі 10 сәуірде жалғасады. Осыған орай, турнирді ұйымдастырушылар «Барыстың» лигаға қайта оралуына мүмкіндік барын айтқан болатын. Алайда, клуб президенті команда үшін биылғы маусымның аяқталғанын айтты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

«Барыс» ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіне қатыспайтынын мәлімдеді

«Барыс» клубының президенті Борис Иванищев «Риа Новости» агенттігіне берген сұхбатында команданың плей-офф айналымына қатыспайтынын мәлімдеді.  

«Спортшылардың барлығы да үйлеріне кетті. Команда болып осындай шешім қабылдаған соң, әріптестерімнің шешімін талқылай алмаймын. Біз үшін биылғы маусым аяқталды. Енді келесі маусымды күтеміз. Қазір бүкіл әлем жабылып жатыр», - деді клуб президенті.