-Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс аумағында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Тұрғындар арасында індет жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Ал сырт елдерден келген жолаушылар, оның ішінде «А» тобына жататын мемлекеттен келген 121 адам және «Б» тобына кіретін елдерден оралған 10 адам облыс аумағындағы ауруханаларда жатып, тексеруілуде. Сондай-ақ, қауіпті деңгейдің 2-тобына жататын мемлекеттерден келген тағы 7 адам үй жағдайында бақылауда, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ.
Жалпы, облыс бойынша жұқпалы ауруға арналған 970 төсек-орын дайындалған. Оның ішінде арнайы орындардың 237-і балаларға, 313-і ересек адамдарға арналған. Медициналық ұйымдарда қосымша жұқпалы ауруға арналған 479 төсек-орын, 517 провизорлық және 1161 карантиндік төсек орын ашылды. Және амбулаториялық және стационарлық деңгейде 38 инфекционист маман, 143 анестизиолог-реаниматолог, 8 нефролог, 12 трансфузиолог, 98 невролог және 447 терапевт дәрігер тұрақты жұмыс істеуде.
Алматы облысы