Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

Алматы облысы: қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға 4,3 миллиард теңге жұмсалды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында қоғамдық тәртіпті сақтау ісіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Әсіресе, ауылдардағы полиция қызметкерлеріне жағдай жасалуда.

Алматы облысы: қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға 4,3 миллиард теңге жұмсалды

Мысалы, аймақтағы учаскелік полиция өкілдеріне тұрғын үймен біріктірілген арнайы пункт салу ісі қарқын алған. Соңғы бірер жыл көлемінде осындай 178 орын ашылса, өткен жылы тағы да 16 тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункттері салынды. Ал биыл тағы 42 елді мекенде учаскелік полиця өкіліне қолайлы жағдай жасалады. Былтыр учаскелік полиция инспекторлары үшін 136 қызметтік автокөлік сатып алынған, биыл тағы 72 автомашина тәртіп сақшыларына табыс етілмекші. 

Жалпы, Алматы облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бөлінген қаржы өсіп келеді. Былтыр бұл мақсатқа 4,3 миллиард теңге бөлінген екен. Қазір аймақтағы бейнебақылау камерасының саны 1268 данаға жетті. Жыл соңына дейін тағы 250 камера орнатуға қосымша 1 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде Қарасай ауданына 150 бейнебақылау камерасы, Панфилов ауданына 50 бейнебақылау камерасы және Текелі қаласына 50 бейнебақылау камерасы орнатылмақ. Ал аймақтағы қылмыс деңгейі былтыр 17 пайызға төмендеген.

 

Алматы облысы