24 Тамыз, 2013

Агроөнеркәсіп кешенінің кемелденер кезі

236 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бейсенбі күні Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен елдің агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту мәселелері талқыланған селекторлық режімдегі кеңес болып өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Бейсенбі күні Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен елдің агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту мәселелері талқыланған селекторлық режімдегі кеңес болып өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Оған мемлекеттік органдардың, ірі ауылшаруашылық құрылым­да­рының, аграрлық ассоциациялар мен одақтардың басшылары, ғылыми орта өкілдері қатысты.

АӨК-ті дамыту жөніндегі жаңа «Агробизнес-2020» бағдар­ла­масын жүзеге асыру жұмыстары бекітілген жоспарлар шеңберінде жүргізілуде, деді Үкімет басшысы. Ол 2013 жылдың ұйымдастыру жылы болып табылатынын, займдарды кепілдендіру мен сақ­тан­дыру, инвестициялық субсидиялар, сатып алу бағаларын кепілдендіру сияқты мемлекеттік қолдаудың жа­ңа тетіктері қолданыстағы заңна­маларға тиісті өзгертулер енгі­зіл­геннен кейін, 2014 жылдан бастап жұмыс істейтін болады, деп атап өтті ол.

Саладағы жағдай, жаңа «Агро­биз­нес-2020» салалық бағдар­ла­масының орындалу барысы, оның тетіктері мен құралдары туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков баяндады. Ол АӨК-ке мемлекеттік қолдау көлемін 4,5 есе арттыру қарастырылып жатқанын, оны жүзеге асыру кезеңінде салаға 10 триллион теңгеден кем емес жеке қаржылар тартылатынын атап өтті.

Бағдарламаның негізгі мақ­сат­ты индикаторлары қатарында қар­жылық сауықтыру, тауар­лар­дың, жұмыстар мен қызмет­тер­дің АӨК субъектілері үшін қол­жетімділігін арттыру, АӨК субъектілерін қамтамасыз ету­дің мемлекеттік жүйесі да­­мы­ту, саланы мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру сияқ­­ты шаралар бар.

А.Мамытбековтің айтуын­ша, қаржылай сауықтыру үшін ми­нистрлік АӨК субъекті­ле­рі­нің кре­дит­тік және лизингтік мін­дет­­те­мелері бойынша сыйа­қы­лары­ның ставкаларын субсидиялау ережелерін бекіткен, жергілікті жерлерде түсінік жұмыстары жүр­гізіліп, анықтамалар алу үшін call-centr ашылған (тел.8 800 080 7080). Министр сондай-ақ, займдарды кепілдендіру мен сақтандыруды, суб­сидиялау ережелерінің өзгеруін, нор­мативтік-құқықтық базаның же­тілдірілуін де мемлекеттік қол­дау­­дың жаңа құралдары ретінде атады.

Сол сияқты, министр вете­ри­нарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, АӨК саласында мемлекеттік қызмет көрсетулерді дамыту жөніндегі шаралар туралы да хабарлады. Он бір қызметті автоматтандыру жоспарлануда, қызмет көрсетудің нормативтік мерзімдері 60-тан 15 жұмыс күніне дейін немесе 25 пайызға, құжаттардың нормативтік саны 12-ден 4-ке дейін немесе 33 пайызға қысқаратын болады деді А.Мамытбеков. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығының әрбір кіші салаларын дамыту бойынша көрсеткіштерді жылдарға және облыстар бойынша бөле отырып 15 шеберлік-жоспар әзір­лен­ген. Құжаттар келісім алу үшін облыс әкімдеріне жіберілген.

Кеңесте, сондай-ақ, «Иволга-Холдинг» ЖШС басшысы В.Ро­зи­нов, «Заречный» ЖШС басшысы В.Двуреченский, «Ижевское» ӨК басшысы И.Жанғоразов, «Актеп» ӨК басшысы Ш.Сағыналиев, «Тұ­рар» ӨК басшысы К.Оспанов, «Прокоп» ӨК басшысы Г.Про­коп, «Қазақстанның Құс өсіру­ші­лері одағы» заңды тұлғалар бір­лестігінің басшысы Р.Шарипов, «Қазақ мақта ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы С.Бақтыбаев, «Қазақстан Фермерлері одағының» вице-президенті А.Абдукалимов, Ұлт­тық ғылым академиясының ака­демигі Ғ.Қалиев сөз сөйледі.

Кеңес қорытындысында Үкімет басшысы «Агробизнес-2020» бағдарламасының Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын жүйелі дамытудағы маңызын айта келіп, бағдарлама жобасының бір жыл бойы ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің және аграрлық қауымдастықтың қатысуымен талқыланғанын және оған Мемлекет басшысының қолдау білдіргенін атап көрсетті.

Үкіметке АӨК-ті дамыту мәселелері жөніндегі осы саламен айналысып жүрген барша жұрттың, кәсіпқойлардың пікірлерін білудің маңызы зор. Бүгін қызықты ұсыныстар айтылды, біз оларды қарастырып, тиісті шаралар қабылдайтын боламыз, деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы бірқатар ұсы­ныстар мен ескертулерге түсінік бере отырып, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді дамыту мәселелеріне назар аударды. АӨК-тегі ірі бизнес өңдеуші саланы өзінің қанатының астына алуы тиіс, ол үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда, олар агроөнеркәсіп өндірісінің көптеген перспективалы бағыттарын қамтитын бағдарламада қарастырылған, деді осыған орай С.Ах метов.

Үкімет басшысы бағдарлама­ны жүзеге асырудың нақты ме­ханизмдеріне енгізу үшін айтылған барлық ұсыныстарға талдау жасап, оларды пайдаға асыру жөнінде тапсырма бере отырып, оның табысты жүзеге асатынына, бүтіндей алғанда елдің агроөнеркәсіп кешенінің нығая түсетініне сенім білдірді.