24 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 616

377 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін


Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 16 тамыз № 616

Қазақстан Республикасы Президентінің

2013 жылғы 16 тамыздағы № 616 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін

ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

1. «Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қол­дану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 39, 429-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 19, 229-құжат; № 37, 438-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 58, 793-құжат; №74, 1067-құжат; 2013 ж., № 19, 320-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану туралы қағидаларда:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Тәртіптік теріс қылық (бұдан әрі - теріс қылық) - құқыққа қайшы, қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамау кінәсі не тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлер қызмет этикасының қағидаларын) бұзуы (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi), тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы, сол сияқты «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді және (немесе) мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін сақтамауы болып табылады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауды қоспағанда, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес қызметшілерге тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жазаның мынадай түрлері қолданылуы мүмкін:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;

5) лауазымын төмендету;

6) атқаратын лауазымынан босату.

Тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын сыбайлас жемқо рлық құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшіге мынадай тәртiптiк жазаның түрлері қолданылады:

1) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;

2) лауазымын төмендету;

3) атқаратын лауазымынан босату.

Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза лауазымын төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану мүмкін болмаған кезде қолданылады.

Лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған және мемлекеттік қызметші осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде қолданылады.

Атқаратын лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жаза Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша қолданылады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жазалар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) мемлекеттік саяси қызметшілердің жеке ісіне енгізу арқылы есепке алуға тиіс.»

12-тармақтың 5-1) тармақшасы алып тасталсын;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Жаза қолданылған адамды тиісті мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қолданылған жаза туралы қолын қойдырып хабардар етеді.

Тәртіптік жаза қолдану туралы актімен жаза қолданылған адамды таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) оған актінің көшірмесін хабарламалы хатпен жолдайды.

Жаза қолданылған адам тәртіптік жаза қолдану туралы актімен танысудан бас тартқан жағдайда, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тиісті акт жасайды.»;

16-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16-1. Тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғатын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзуға байланысты терiс қылықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер және олардың орынбасарлары жол берген Ар-намыс кодексiнің бұзылуын Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi комиссия) қарайды, ол қызметтiк тексеру жүргiзу туралы ұсынымды, сондай-ақ лауазымды адамдарды лауазымынан босатуға дейiнгі тәртiптiк жауаптылығы туралы ұсыныс енгiзуге құқылы.

Тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғатын, Қазақстан Респуб­ликасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзуға байланысты терiс қылықтарды, сондай-ақ облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкiмдері жол берген Ар-намыс кодексiнің бұзылуын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iс терi агенттігінiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерi қарайды, олар қызметтiк тексеру жүргiзу туралы ұсынымдар, сондай-ақ лауазымды адамдарды лауазымынан босатуға дейiнгі тәртiптiк жауаптылығы туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.

Қызметтік тексеру тәртіптік жаза қолдануға уәкiлеттi адамның тапсырмасы бойынша жүргiзiледi.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды не сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.

Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей, бiрақ терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктірiлмей қолданылуы мүмкiн.»;

20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20-1. Жаза қолдану туралы мәлiметтер мен актілерді мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) қызметшiнiң қызметтік тiзiмiне енгiзу арқылы есепке алуы тиіс.

Тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған қызметшiлерге мемлекеттiк орган басшысы қолданған жазалар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкілеттi органға персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) мiндеттi түрде табыс етуi тиiс.»;

25-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ол тиісті актімен жүргізіледі, бұл туралы қызметшіге тиісті мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) жариялайды.».

2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 562-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; 2005 ж, № 27, 329-құжат; 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2011 ж., № 19, 229-құжат; 2012 ж., № 80, 1178-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидалары осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қала­ларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбiр жарлықтарына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 1598 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 329-құжат; 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2011 ж., № 19, 229-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртiптiк кеңестерi (бұдан әрi – Тәртiптік кеңес) мемлекеттiк тәртiпті нығайту, мемлекеттiк қызметшілердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлер қызмет этикасының қағидаларын) (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi) сақтауы мәселелерiн қарайтын, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестiретін алқалы органдар болып табылады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тәртiптiк кеңес тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормалары мен Ар-намыс кодексiн бұзуға жол берген, облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдеріне, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-О-4, C-R-1, C-R-2, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2,D-O-3, Е-1, Е-2, Е-3, E-R-1, E-R-2, E-G-1 санаттарындағы мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлетті өзге де адамдарға (Парламент және мәслихат депутаттарынан, судьялардан басқа) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаға сәйкес оларға теңестiрiлген адамдарға қатысты тәртiптiк iстердi қарайды.»;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Тәртіптік кеңестің жұмыс регламентін мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекітеді.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Тәртiптiк кеңестiң негізгi мiндеттерi:

1) облыстар, Астана және Алматы қалалары, өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің, орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының немесе орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды адамдардың, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетілген лауазымды адамдар болмаған жағдайда - орталық атқарушы органдар басшыларының, өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының, жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдар, құқық қорғау және басқа да аумақтық мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) мен ұйымдар басшыларының қарауына осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген адамдарды Ар-намыс кодексiн бұзғаны және тәртiптiк жауаптылыққа әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы ұсынымдар енгізу;

2) осы Ереженің 6-тарма