24 Тамыз, 2013

Көне қорғандар қорғауға алынды

377 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясымен бірлесіп, тарих және мәдениет ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізбесіне ұсыну бойынша» жұмыс жүргізіп жатқаны мәлім. Осы орайда 2012 жылдың қазан айында аталған министрлік Ұлы Жібек жолының Жетісу жеріндегі VIII-XIV ғасырлардағы Талғар, Қойлық, Қарамерген, Ақтөбе, Өрнек, Құлан, Қостөбе және Ақыртас кешенінен құралған көне сегіз ескерткішін, яғни ерте дәуір қалашықтарын бірінші кезеңде, ал беріректегі Есік және тағы басқа қорғандарды екінші кезеңде ЮНЕСКО тізіміне енгізу үшін қажетті құжаттарды дайындауды Алматы облыстық әкімдігіне жүктеген еді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясымен бірлесіп, тарих және мәдениет ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізбесіне ұсыну бойынша» жұмыс жүргізіп жатқаны мәлім. Осы орайда 2012 жылдың қазан айында аталған министрлік Ұлы Жібек жолының Жетісу жеріндегі VIII-XIV ғасырлардағы Талғар, Қойлық, Қарамерген, Ақтөбе, Өрнек, Құлан, Қостөбе және Ақыртас кешенінен құралған көне сегіз ескерткішін, яғни ерте дәуір қалашықтарын бірінші кезеңде, ал беріректегі Есік және тағы басқа қорғандарды екінші кезеңде ЮНЕСКО тізіміне енгізу үшін қажетті құжаттарды дайындауды Алматы облыстық әкімдігіне жүктеген еді.Осыған орай Алматы облыстық мәслихаты «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңның 36-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыс жүргізуде. Нақтылай түссек, Алматы облысы Талғар ауданы аумағында орналасқан «Талғар» қалашығы, Сарқан ауданындағы «Қойлық» қалашығы, Балқаш ауданындағы «Қарамерген» қалашығы тарихи мұра объектісінің қорғау аймағында құрылыс салуды реттеу мен қорғалатын табиғат ландшафтының шекарасы белгіленіп, облыстық мәслихаттың 28 маусым 2013 жылғы №18-181 шешімімен бекітілді.

Елбасы «Мәдени мұра бағдарламасын іске асыруды жалғастыра беру, сөйтіп, өткенді пайдалану арқылы қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту қажет» деп нақтылады. Негізі, Талғар қалашығы – VIII-XIV ғасырлар ескерткіші. Аумағы 385га. жер, оның ішінде қалашықтың алаңы 20,8 га, ал қорғау аймағы 55,8 га, қорғалатын табиғат ланшафтының аймағы 281,5 га жер. Қойлық қалашығының жалпы аумағы 231,3 га, оның ішінде қорғау аймағының алаңы 30,6 га, қорғалатын табиғат ландшафтының аймағының алаңы 55,5 га Қарамерген қалашығы IX-XIII ғасыр ескерткіші. Жалпы аумағы 62 га, оның ішінде қорғау аймағы 7,1 га, қорғалатын табиғат ландшафтының аймағы 25,3 га жер. «Жалпы, Жетісу жерінде құнды мағлұматтары ғылыми негізге сүйене жазылып, мәрмәр тақтайшалары таяу уақытта қойылады деп белгіленген 81 археологиялық ескерткіш бар. Осынау игілікті іс үлкен, орташа, кіші деп үшке бөлініп, соның 21-і таспен көмкерілсе, 10-ы қиыршық таспен жабылған 31 обадан тұратын Бесшатыр қорғандарынан бастаймыз. Есік қорғандарын ЮНЕСКО мұрасының тізіміне енгізуге қатысты мәселе белгіленген тәртіп бойынша екінші кезеңде қаралып, келесі жылы ұсынылуы мүмкін», деді өңірлік тарихи-мәдени мұраларды сақтау орталығының директоры Есет Дәурембаев.

Заңнама талабы бойынша облыстық мәслихаттың шешімімен нормативтік-құқықтық акті облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, қорытындысы шықты. Енді бұл құжат Иманғали Тасмағамбетов басқаратын Ұлттық комиссияда қаралып, бекітілген соң, толық күшіне енеді.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.