Департаментпен телекоммуникациялық және басқа да байланыс құралдарын пайдалану арқылы коммуникацияларға барынша өту және туындайтын мәселелерді шешу қолға алынды.
Азаматтардың қатысуымен жүргізілетін тергеу және жедел іс-шараларды жауап алуға арналған бөлмелерде өткізу кезінде респираторлық гигиена ережелерін және басқа да сақтық шараларын сақтау қамтамасыз етіліп, байланыссыз термометрияны, сондай-ақ ЖРВИ-ның (жедел респираторлық вирустық инфекциялар) басқа да көрнекі белгілерін қолдану арқылы анықталған дене қызуы жоғары белгілері бар тұлғаларға (қызметкерлерге/
Сонымен қатар, азаматтарды қабылдау қазіргі заманғы байланыс құралдарын (әлеуметтік желілер, Skype және тағы да басқа) пайдалана отырып жүзеге асырылуда.
Департамент басшылығына қабылдауға алдын ала жазылу 8(7252) 98-14-20 нөмірі арқылы жүргізіледі.
Одан бөлек, азаматтардың өтініштері egov.kz электрондық үкімет порталы мен «Қазпошта» АҚ арқылы хаттар жіберу мүмкіндігі сақталуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Осы нөмірге қоңырау шалу арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға немесе кеңес алуға болады.
Айта кетейік, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына қол қойып, еліміздің барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілді.
Шымкент