Төтенше жағдайдың кезеңінде санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, барлық адамдар көп жиналатын объектілердің және іс-шаралардың қызметіне уақытша шектеулер қойылған.
Осыған орай, қала әкімі М.Әйтеновпен және қала әкімінің орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауы да тоқтатылады. Сонымен қатар, өтініштер мен хаттарыңызды электронды түрде электрондық Үкімет «E-gov» арқылы және қала әкімдігінің ресми сайтында «Shymkent.gov.kz» орналасқан виртуалды қабылдау арқылы, «Қазпошта», қала әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы, сондай-ақ, (+77477201717) Whattsap мессенджері арқылы жолдауыңызға болатынын назарларыңызға жеткіземіз.
Анықтама телефондары: (87252) 24-72-28
Шымкент