– Осыдан бес күн бұрын мен тексеруден өттім. Бүгін түнде соның нәтижесі келді. Ол жерде менің коронавируспен ауыратыным анықталды. Қазір мен өзімді жақсы сезінудемін. Ешбір жерім ауырмайды да, ештеңе де мазаламайды. Бірақ жаңағыдай жайсыз хабарды естігеннен соң оқшаулануды жөн көрдім. Және де жастарға да сондай кеңес берер едім. Коронавирус қатардағы көп сырқаттардың бірі емес. Ол – нағыз індет. Онымен бірлесе күрескен жағдайда ғана жеңе аламыз, - дейді атақты баскетболшы.
Сонымен қатар, «Лос-Анджелес» клубының тағы екі ойыншысының коронавирус жұқтырғаны анықталып отыр. Алайда команда басшылығы тарапынан олардың есімдері жария етілген жоқ.