Хоккей • 20 Наурыз, 2020

Коронавирус Ұлттық хоккей лигасына да жетті

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) коронавирус дертіне шалыққан алғашқы ойыншының есімі белгілі болды. Ол – «Оттава Сенаторз» клубының қорғаушысы Никита Зайцев.

Коронавирус Ұлттық хоккей лигасына да жетті

28 жастағы Мәскеудің тумасы өзінің спорттық карьерасын «Крылья Советов» клубында бастады. Әр жылдары «Сибирь», «Зауралье» және ЦСКА командаларында өнер көрсетті. 2016 жылы Америкаға аттанып, «Торонто Мейпл Лифстың» жейдесін киді. Былтырғы жылдан бастап, «Оттава Сенаторздың» сапында ойнауда.

Қазіргі кезде «Оттава Сенаторздың» барлық ойыншылары тексеруден өтуде. Сонымен қатар, ҰХЛ жарысы тоқтатылды.