Бизнес • 20 Наурыз, 2020

«Атамекен» «Самұрық-Қазына» ұсынған əдісті қолдамайды

36 реткөрсетілді

18 наурызда «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры кәсіпкерлерге Қордың сатып алуларына қатысу үшін сертификаттарды (СТ-KZ. Индустриялық сертификат) беру қажеттілігінің алып тасталғаны туралы хабарлады. Енді сатып алу науқанына қатысуға жергілікті әкімдіктер бекіткен отандық тауар өндірушінің мәртебесін растайтын тізім  жеткілікті. Алайда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қор ұсынған әдіспен түбегейлі келіспейді. Бұл туралы палатаның ресми сайтында жарияланды.

СТ-KZ сертификаттары, индустриялық сертификаттар өндіруші мәртебесін және жергілікті қамтуды растайтын құжат ретінде Қазақстан заңнамасымен белгіленген.

Бұл ретте жыл сайын 2500-нан астам өндірушіге 7000-нан астам сертификат берілетінін айта кеткен орынды. Енгізілген төтенше жағдайды есепке ала отырып, ҰКП кәсіпкерлерге сертификаттарды демалыссыз, тәулік бойғы режимде беріп жатыр.

Сөз орайы келгенде айта кетейік, әкімдіктерге отандық өндірушінің мәртебесін растау құзыреті берілмеген.

Бұдан басқа, ұлттық қор әкімдіктердің әрекетіне қатысты нақты тәртіп пен өндіріске қойылатын талаптарды ұсынбаған. Осылайша өндірушілердің тізімін құру кезінде әкімдіктер тарапынан сыбайлас жемқорлықтық тәуекелдер пайда болып, сондай-ақ жалған өндірушілерден сатып алу қатері жоғарылауы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Бензин бағасы арзандады

Экономика • Кеше

14 отбасыға қол ұшын созды

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар