Руханият • 20 Наурыз, 2020

Қарағандылық театр тікелей эфирде ертегі қойылымдарын көрсетеді

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайдың тәртібі бойынша үйде отырған балалар зерікпесін деген болу керек, Қарағанды облыстық музыкалық комедия театры Instagram желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде балаларға арналған спектакльдер  көрсететін хабарлады.

Қарағандылық театр тікелей эфирде ертегі қойылымдарын көрсетеді

Мысалы, «Три веселых гнома» қуыршақ ертегісі 25 наурыз күні сағат 12.00-де көрсетіледі. Бұл ормандағы үйде тұратын сақалды ергежейлілер туралы таңғажайып оқиға. Ертегі желісі бойынша олардың жанына зұлым тролль қоныстанады. Ол сиқырлы кітапты ұрлап, орманның барлық тұрғындарын сиқырлап тастайды. Ұзақтығы 35 минут болатын спектакльде ергежейлілер зұлым көршісін жеңіп, орманда тәртіптің орнауына қол жеткізеді.

Ал 26 наурыз күні сағат 12.00-де «Квакуша-саяхатшы» музыкалық ертегісі эфирге шығады. Қойылымның басты кейіпкерлер Квакуша бақа Кузя атты шегіртке мен Мила есімді қызыл қоңыз сияқты достарымен бірге қызықты саяхатқа баруды армандайды. Олар жолдарында кездескен небір қиындықтарға төтеп беріп, зұлымдық атаулыны жеңеді. Сөйтіп, нағыз достардың бір-бірін қиыншылықта тастап кетпей, әрдайым көмекке келетінін дәлелдеп шығады.

Еске салсақ, ертегі қойылымдары Қарағанды облыстық музыкалық комедия театрының Instagram желісіндегі katmk.kz. ресми парақшасында көрсетіледі.

 

Қарағанды облысы