Хоккей • 20 Наурыз, 2020

«Сарыарқаның» бас бапкері қызметінен кетті

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары хоккей лигасында (ЖХЛ) өнер көрсетіп жүрген Қарағандының «Сарыарқа» клубының бас бапкері Леонид Тамбиев қызметтен кетті.

«Сарыарқаның» бас бапкері қызметінен кетті

Биыл күзде 50 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Латвия азаматы кезінде өзі де шайбалы хоккейді жақсы ойнаған. Әр жылдары ол өз елінде, Дания, Финляндия, Германия, Ресей, Швейцария, Италия, Аустрия чемпионаттарында өнер көрсетті.

Леонид Тамбиев 1993-2007 жылдар аралығында Лавтия ұлттық құрамасының намысын қорғап, 11 әлем чемпионаты мен екі Олимпиадада бақ сынады. Жалпы өз елінің бас командасы сапында 205 ойын өткізіп, 66 шайбаны қақпаға енгізді.

Бапкерліктің қамытын кигеннен кейін де елеулі табыстарға қол жеткізді. 2014-5015 және 2018 жылдан осы уақытқа дейін «Сарыарқаның» бас бапкері болды, Сол аралықта қарағандылықтар ЖХЛ-дің тұрақты біріншілігінің жеңімпазы және Петров кубогының иегері атанды.

Биылғы маусым қарағандылықтар үшін аса сәтті болмады. Олар Птеров кубогы жолындағы жарыстың алғашқы кезеңінде жеңіліс тапты.