Қоғам • 20 Наурыз, 2020

Қарқаралы волонтерлері рейтке шықты

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин кезінде қарттар мен көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында «Saryarqa Jastary» облыстық волонтерлер штабы және «Тамшы KZ» қайырымдылық қорының бастамасымен Қарағанды облысының волонтерлері азық-түлік тарату акциясын өткізді.

Қарқаралы волонтерлері рейтке шықты

Қарқаралы ауданының  JasStar волонтерлік желісінің белсенді волонтерлері 2 отбасыға азық-түлік тасып, қолғабыс көрсетті.

«Әлемдік пандемия кезінде бір-бірімізге жанашырлық таныту, қамқор болу, бірлігімізді сақтау – әрбір азаматтың парызы деп білеміз!», дейді волонтерлер.

Сонымен қатар волонтерлер тұрғын үй секторында улы газбен уланудың алдын алу мақсатында Қарқаралы ауданының төтенше жағдайлар  бөлімімен рейттер ұйымдастырды.