Аймақтар • 22 Наурыз, 2020

Шымкент: Сауда орындарының санитарлық тазалығы мен баға тұрақтылығы қатаң бақылауда

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Қазыбек» әмбебап базарына, «Шаһан-2», «Сайман» және «Hyper house» сауда орталықтарына барды. Ондағы санитарлық жағдайларды бақылаған шаһар басшысы бағаның тұрақтылығын да назарда екенін жеткізді.

Шымкент: Сауда орындарының санитарлық тазалығы мен баға тұрақтылығы қатаң бақылауда

«Сауда орындарына келген барлық тұрғындарды бетперде киюге міндеттеу керек. Ел тыныштығы мен тұрғындар денсаулығы - басты назарда. Белгіленген тәртіппен жүрсек, қиындықтарды бірге жеңеміз», - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасымен жедел топ құрылған. Барлық тиісті мамандар қаладағы базарлар мен сауда орталықтарында, дүкендерде, әуежай мен теміржол вокзалында, автовокзалдарда дезинфекциялау жұмыстарын қарқынды жүргізуде.