Қазақстан • 23 Наурыз, 2020

Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елінен Қазақстан азаматтары елге оралды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан дипломаттарының күш-жігерімен Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елінен Қазақстан азаматтары елге оралды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елінен Қазақстан азаматтары елге оралды

Үндістан билігінің халықаралық рейстерді жүзеге асыруға тыйым салғанына қарамастан, 17-22 наурыз аралығында Делидегі Қазақстан Елшілігінің дипломаттары біздің 538 азаматымызға Қазақстанға қайтуға қолғабыс көрсетті.

17 наурызда Қазақстандық «Kompas Tour» туроператорының чартерлік рейсімен Гоа штатынан Алматыға 204 Қазақстан азаматы келді. Қалған 77 жолаушы Гоа - Дели - Алматы бағытымен елге оралды. Сонымен қатар, 204 қазақстандық Шри-Ланкадан «Туристік Қамқор» қоры ұйымдастырған чартерлік рейспен шығарылды. Тағы екі отандасымыз осы елдің астанасы Коломбодан альтернативті бағытымен ұшып шығуға жәрдем көрсетілді. 10 қазақстандық турист Мальдив Республикасынан Мали - Мәскеу - Алматы бағытымен ұшып кетті.

Қазақстанның Малайзиядағы елшілігі біздің азаматтарымызға қандай да бір айыппұл санкцияларын төлемей, әуебилет мерзімін ауыстыруға көмек көрсетті.

Сонымен қатар, Малайзиядағы дипломатарымыздың көмегімен 22 наурызда Air Astana әуекомпаниясының Куала-Лумпур - Алматы бағыты бойынша тұрақты рейсімен 158 жолаушы, оның ішінде Индонезия мен Сингапурдан 80 транзиттік жолаушы оралды.

Елшілік пен Air Astana әуекомпаниясының қызметкерлері әуежайда аталмыш жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырды. Әуекомпанияның ақпараты бойынша, Куала-Лумпур - Алматы бағытындағы соңғы рейс 29 наурызға жоспарланған.