Алматы полиция Департаменті төтенше жағдай тәртібін бұзған азаматтарға әкімшілік жаза қолдануды бастағаны белгілі.
Соңғы күндері блок-посттарды айналып өтіп, мегаполиске алып кіретін жасырын жолдар жабылып, бақылау күшейді.
Жалпы қала әкімдігі коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін барлық тиісті жұмыстарды жалғастырып отыр.
Карантинді енгізу туралы шешімнен кейін 27 блок-бекетте күш құрылымдары мен медициналық ұйым қызметкерлерінің жұмысы жанданды.
Сондай-ақ қалада дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілуде. Мақсат – коронавирус індетінің таралу тізбегін жою. Өз кезегінде қала билігі қала тұрғындарын карантин режимін қатаң сақтауға және әркімді мүмкіндігінше оқшаулануына шақырды.