Күні кеше айтулы маманның жаңа қызметке тағайындалғаны белгілі болды. Бұдан бұлай ол Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Владивостоктың «Адмиралын» жаттықтырады. Биылғы маусымды Қиыр Шығыстың командасы сәтсіз аяқтағаны белгілі. Олар Шығыс конференциясында соңғы орында қалып қойғанг болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 49 жастағы Леонид Тамбиев Латвияның тумасы. Кезінде ол Дания, Финляндия, Германия, Ресей, Швейцария, Италия, Аустрия чемпионаттарында өнер көрсетті. 1993-2007 жылдар аралығында Лавтия ұлттық құрамасының намысын қорғап, 11 әлем чемпионаты мен екі Олимпиадада бақ сынады. Жалпы өз елінің бас командасы сапында 205 ойын өткізіп, 66 шайбаны қақпаға енгізді.
Бапкерліктің қамытын кигеннен кейін де елеулі табыстарға қолжеткізді. 2014-5015 және 2018 жылдан осы уақытқа дейін «Сарыарқаның» бас бапкері болды, Солар алықта қарағандылықтар ЖХЛ-дің тұрақты біріншілігінің жеңімпазы және Петров кубогының иегері атанды.