Күллі әлемді дүрліктірген індеттің белең алған тұсында Хельсинкидің «Йокериті» мен Нұр-Сұлтанның «Барысы» Гагагрин кубогы жолындағы жарысты жалғастырудан бас тартты. Көп ұзамай ҚХЛ басшылығы жағдай толықтай тұрақтағанша турнирді уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылады. Бірақ қауіптің сейілетін түрі жоқ.
Осы жағдайға байланысты КСРО-ның даңқты хоккейшісі, үш дүркін Олимпиада және тоғыз дүркін әлем чемпионы Виталий Давыдов ҚХЛ-дың биылғы маусымының жеңімпазын тұрақты біріншіліктің қорытындысы бойынша анықтауды ұсынды.
–Тұрақты біріншіліктің жарыс кестесінде алғашқы үш орынды иеленген командаларға тиесілі жүлделерді табыс ету қажет. Ал Гагарин кубогы ешкімге берілмейді. Менің ойымша ең дұрыс вариант осы, - дейді Виталий Давыдов.
Егер жеңіс тұғырына көтерілетіндер жоғарыда аталған принцип бойынша анықталатын болса, онда бас жүлде Мәскеудің ЦСКА клубына табысталуға тиіс. Әскерилер 94 ұпай жиып, жарыс кестесінде көш бастады. Екінші орынды «Ақ Барыс» иеленеді. Қазандық команда ЦСКА-дан бір ұпай кем жиды. Қоржынында 93 ұпайы бар Санкт-Петербургтің СКА-сы үшінші сатыға табан тірейді. Ал Нұр-Сұлтанның «Барысы» тұрақты біріншілікте төртінші орынды еншілеген болатын. Жерлестеріміз 84 ұпайды қоржынға салды.