Әлем • 26 Наурыз, 2020

Конор Макгрегор Ирландия ауруханаларына 1 миллион еуро аударды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирусқа қарсы күреске спортшылар қауымы да өз үлесін қосуда. Кеше ғана атышулы ережесіз жекпе-жек шебері Конор Макгрегордің Ирландияның ауруханаларына 1 миллион еуро аударғаны белгілі болды.

Конор Макгрегор Ирландия ауруханаларына 1 миллион еуро аударды

31 жастағы Дублин қаласы тумасы ержесіз жекпе-жек өнерінде толағай табыстарға қол жеткізгені баршаға аян. Ең белді промоушн – UFC-де өнер көрсететін ол бірнеше рет чемпиондық белбеуді иеленді. Барлығы 26 рет айқас алаңына шыққан Макгрегор 22 мәрте жеңіс тойын тойлады. 20 рет айқын басымдық танытты.

2017 жылдың тамыз айында Ирландияның саңлағы ешкімнен жеңіліп көрмеген әйгілі былғары қолғап шебері Флойд Мейвезермен кәсіпқой бокс ережесі бойынша жекпе-жекке шығып, қаржылық тұрғыдан мол олжаға кенелгені тағы бар.

Міне, сол саңлақ өз Отаны – Ирландияның халқын қолдау мақсатында арнайы есепшотқа мол көлемде қаражат аударды. Сол қаржының басым бөлігі Ленстер провинциядағы барлық ауруханалардың есепшотына түскен көрінеді.