Коронавирус • 26 Наурыз, 2020

Дәрігер Италияда неліктен өлім саны көп екенін түсіндірді

7098 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников Италияда неліктен коронавирустан қайтыс болғандардың саны көп екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Telegram-каналында жазды.  

Дәрігер Италияда неліктен өлім саны көп екенін түсіндірді

Дәрігердің айтуынша, Италия билігі дер кезінде коронавируспен күресудің дұрыс әдісін таңдамаған. Сол себепті ауруханаларда орын жетіспеуде. Олар бастапқы кезеңде вирус белгілері аса қатты байқалмағандардың барлығын ауруханаға жатқызбай, үйге жібергендіктен дерт асқына түскен.

«Үйде отыру» әдісі дұрыс емес.  Үйге бірде туыстар келіп кетеді, бірде далаға серуендеуге шығып кетесің» деп жазды дәрігер Telegram-каналында.

Бүгінде коронавирустан қайтыс болғандардың саны ең көп елдердің тізімінде Италия бірінші орында тұр. Соңғы мәліметтер бойынша Италияда коронавирустан 683 адам көз жұмды. Жалпы қайтыс болғандар саны 7503-ге жетті.