Әлем • 26 Наурыз, 2020

Нидерландыдағы азаматтардың Қазақстанға қайтып келу мүмкіндіктері қарастырылуда

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады

Нидерландыдағы азаматтардың Қазақстанға қайтып келу мүмкіндіктері қарастырылуда

«Өздеріңіз білетіндей, әлемде COVID-19 коронавирусының тез таралуы жағдайында шет елдердегі көптеген отандастарымызда елімізге қаншалықты жылдам жетуге болады дегеннен бастап, оларға Қазақстанға қайтудың қажеттілігі бар ма дегенге дейін түрлі сауалдар туындады. Көп жағдайда біздің шетелдердегі мекемелерде жедел желілердің телефондары шамадан тыс жүктеліп кеткендіктен азаматтарымыз қоңырау шала алмай, наразылық білдіре бастады, мәселелерді шешу уақыты созыла бастады. Әрбір отандасымызға жеке көңіл бөлу қажет болды.

Біздің Нидерландтағы Елшілігіміз қалыптасқан жағдайдан шығудың жолын тапты. Цифрландыру Еуропада коронавирустың қарқынды тарауы кезінде көмекке келді. 24 наурызда ҚР Елшісі Мағжан Ілиясов «Zoom» онлайн конференция-платформасында осы елде тұратын отандастарымызбен арнайы бейнеконференция өткізді.

Іс-шараға біздің студенттердің ата-аналары мен туыстары да қосылды. Онлайн іс-шара кезінде Елші ҚР азаматтарының шетелде қауіпсіз болуы мәселелері бойынша Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның барлық шет елдердегі мекемелерінің жүргізіп отырған жұмысы туралы, сондай-ақ біздің азаматтарымыздың Нидерландыдан Қазақстанға қайтып келу мүмкіндіктері туралы хабардар етті. М. Ілиясов біздің азаматтарымыздың барлық сұрақтарына жауап беріп, карантин ережелерін сақтауға шақырды.

Жалпы, Елшіліктің бұл бастамасы оң қабылданды. Осылайша, цифрландыру және қарапайым интерактивтік сұхбат пандемия жағдайында азаматтарымызды қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы кеңінен ақпараттандыру мәселесін шешуге көмектесті», делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51