27 Тамыз, 2013

Мал дәрігерлеріне көмек ретінде оларға 217 көлік берілді

238 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нива для ветеринаров«Зенченко және К» коман­дит­тік серіктестігінде облыс­ аграршылары жиналып, биылғы орақ науқанын жоғары ұйымшылдықпен өткізу мәселелерін талқылады. Семинар-кеңесті аймақ басшысы Самат Ескендіров ашып, алда жаңа астықты ысырапсыз жинап алу міндеті тұрғанын, бұл орайда мемлекеттік қолдау шаралары жан-жақты қарастырылып отырғанын атап өтті.Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров күзгі ораққа дайындық шараларымен таныстырды.

«Зенченко және К» коман­дит­тік серіктестігінде облыс­ аграршылары жиналып, биылғы орақ науқанын жоғары ұйымшылдықпен өткізу мәселелерін талқылады. Семинар-кеңесті аймақ басшысы Самат Ескендіров ашып, алда жаңа астықты ысырапсыз жинап алу міндеті тұрғанын, бұл орайда мемлекеттік қолдау шаралары жан-жақты қарастырылып отырғанын атап өтті.Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров күзгі ораққа дайындық шараларымен таныстырды. Отан қамбасына кемі 5 миллион тонна ел ризығын жөнелту көзделген. Көктемгі-күзгі дала жұмыстарына Үкімет жеңілдетілген бағамен 72 мың тонна дизель отынын бөлген. «А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының» директоры Жексенбай Қасқарбаев, Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі Марат Тасмағанбетов, «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің директоры Геннадий Зенченко, тағы басқалар өз сөздерінде маңдай термен өсірілген егінді шашаусыз жинап алу жолдарын тілге тиек етті.

Семинар-кеңес аяқталғаннан кейін С. Ескендіров мемлекеттік ветеринарлық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатымен республикалық қазынадан 217 автомобиль сатып алуға 756 миллион теңге бөлінгенін жеткізе келіп, аудандық, Петропавл қалалық ветеринария стансасы басшыларына «Санионг» және» УАЗ» көліктерінің кілттерін салтанатты түрде табыс етті. Ауылдық округтердегі малдәрігерлік қосындары «Нива» көліктеріне ие болды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы,

Қызылжар ауданы.