Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Оңтүстік Кореяда сотталған қазақстандықтың жазасы жеңілдетілді

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында Қазақстан азаматы Сырым Шәрібекке қатысты іс бойынша апелляциялық соттың қорытынды отырысы өтті. 

Оңтүстік Кореяда сотталған қазақстандықтың жазасы жеңілдетілді

«Сот отырысына қазақстандық дипломаттар да қатысты. Кореядағы ҚР елшілігінің қолдауымен аудармашы қызметі ақысыз негізде ұсынылды. Тыңдау барысында сот бұрын шығарылған үкімді (2 жыл 6 ай) тым қатаң деп санап, бас бостандығынан айыру мерзімін түзеу жұмыстарымен қоса алғанда 2 жылға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, қорғау тарапының Корея Республикасының Жоғарғы Сотына 7 күн ішінде аппеляцияға беру құқығы бар. Аталған уақыт бойы С. Шәрібек тергеу изоляторында болады. Ал апелляция болмаған жағдайда Чангвон қаласының түрмесіне ауыстырылады», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

СІМ өкілінің айтуынша, жазаны өтеу мерзімі ұсталған сәттен, яғни 2019 жылдың 14 қазанынан бастап есептеледі. Осылайша, жазаның жалпы мерзімі 1 жыл 6 айды құрайды. Біздің отандасымыздың жағдайы жақсы, оның ешқандай шағымы жоқ.